Осылайша, 1905 жылдың өзінде-ақ құруға әрекет жасалған
«Алаш» партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып
, ал оның
ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді.
Тарихта «Алаш» партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын
1917 жылдың
21-28 шілде аралығында өткен
бірінші Бүкілқазақ съезі айқындап берді.
Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының алты облысынан: Ақмола, Семей, Торғай,
Орал, Жетісу, Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мәселекүн
тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі, қазақ облыстарының автономиялылығы
туралы, жер мәселесі, халық милициясын ұйымдастыру, земство туралы,халық ағарту ісі,
сот ісі, дін мәселесі, әйелдер мәселесі, қазақтар облыстарында Құрылтай жиналысына
делегаттар сайлау, бүкілресейлік мұсылман съезі туралы, қазақ саяси партиясын құру
туралы, тағы басқалары. Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саяси маңызы жағынан
ұлттық автономия, жер мәселесі мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінші
кезекте, өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Съезде қаралған барлық мәселелер
талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым
болып отырды.Тарихта, Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі «Алаш» қазақ ұлттық
саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды. Атқару комитеті негізінде партияның
басқарушы органы сайланды.
Достарыңызбен бөлісу: |