Тақырып Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай-тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары


Революцияға дейінгі Қазақстанның негізгі ірі темір жол желісі 1901-1905



Pdf көрінісі
бет2/28
Дата07.02.2022
өлшемі374,13 Kb.
#92630
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
 Революцияға дейінгі Қазақстанның негізгі ірі темір жол желісі 1901-1905 
жылдары салынған Орынбор-Ташкент жолы болды. Бұл жолды салудың алдында 
Орта Азия магистралі жүргізілді.
1880-1888 жылдардың өзінде-ақ Красноводск 
фортынан Самарқанға дейін Закаспий темір жолы салынған болатын, ол 1899 жылы 
Ташкентке дейін жеткізілді. 1900 жылдан ол Орта Азия темір жолы деп атала бастады.Бұл 
жолмен Түркістаннан Ресейге мақта, жемістер, былғары мен тері, қарақөл елтірісі, шарап 
және басқа да ауыл шаруашылық тауарлары тасып апарылды. Әкелінентін заттар 
мануфактура бұйымдары, астық, қант, темір, ағаш болды. 
Қазақстандағы темір жол құрылысы құрылысшы жұмысшылардың сан мыңдаған 
армиясын аса қатаң қанауға, алдау мен тонауға негізделді, құрылыстарда озбырлық пен 
зорлық-зомбылық жайлап, қазынаны талан-таражға салу етек алды.
Сонымен қатар темір жолдар салу жергілікті еңбекшілерден жерді жаппай тартып 
алуға әкеп соқты, олар құнарлы жерлерінен және ғасырлар бойы мекендеп келген 
орындарынан қуылды.
Қазақ шаруаларының ыдырауы ауылда жаңадан екі әлеуметтік халық санатының: 
байлар мен жұмысшылардың пайда болуын туғызды.Қазақстанның бірқатар 
облыстарында ондаған мың қазақ кедей шаруалары табыс табуға шетке кетті. 1880-1890 
жылдарда Семей облысында олардың саны 18-25 мың адамға, ал Сырдария облысында 
1910 жылы -39 мың, 1911 жылы -41653 адамға жетті. Семей облысынан шетке кәсіп іздеп 
кетушілердің көпшілігі кен зауыттары, рудниктер, өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындары 
және әр түрлі кәсіпшіліктер шоғырланған Семей және Өскемен уездеріне шығып отырды. 
Бұл орайда Қазақ ауылдарынан шет кәсіпке кетушілер өз уездері мен облысында ғана 
жалданып жұмыс істеген жоқ, олардың табыс іздеп туған өлкесінің шегінен алысқа да 
кетулеріне тура келді. 
 
Солтүстік және Орталық Қазақстанда темір жол құрылысында үнемі немесе 
көбінесе жұмыс істеген қазақ жұмысшыларының жекелеген топтары бірте-бірте 
қалыптаса бастайды.
Маусымдық кәсіпорындар қатарына мақта тазалау зауыттары, жүн жуатын, 
шөмеле құрғататын кептіру кәсіпорындары және басқалар жатты. Май шайқайтын, сабын 
қайнататын, күріш тазартатын және басқа зауыттар, диірмендер де шикізаттың жетпеуі 
себепті жыл бойы жұмыс істей алмады. Сонымен бірге жылдың жекелеген кезеңдеріне, 
олардың бірқатарына анағұрлым көп мөлшерде жұмысшылар керек болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет