Тақырып Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай-тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары


Ә.Бөкейханов 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары



Pdf көрінісі
бет24/28
Дата07.02.2022
өлшемі374,13 Kb.
#92630
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Ә.Бөкейханов 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары 
қызметіне тағайындалды. 


Қазақ елі патшалық Ресей құрамына енгеннен бергі уақытта оның бірде-бір өкілінің 
империяның әкімшілік жүйесінде губерниялық, облыстық деңгейді қойғанда, тіпті уезд 
бастығы дәрежесінде қызмет жасамағандығы мәлім. Империяның басқару жүйесінде 
қазақтар болыстық атқарудан жоғарғы қызметті иемденуге тиісті емес еді. Бұл тұрғыдан 
Ә.Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында 
облыстық басшылыққа келген бірінші қазақ болатын. 
1917 жылы наурыз айы ішінде Орал облыстық комиссары болып Бизянов бекітілді. 
Ақмола мен Семей облыстары құрайтын Дала өлкелік комиссарлығына мемлекеттік кеңес 
мүшесі И.Лаптев жіберілді. 
1917 жылы сәуірде Уақытша үкіметтің қаулысы бойынша Түркістан өлкесінде 
нақты тәртіп орнатып, күнделікті туындап отыратын мәселелерді сол жерде шешіп, өлкені 
басқару үшін Түркістан уақытша комитеті құрылды. Оның құрамына Мемлекеттік Дума 
мүшесі Н.Н.Шепкин, бірінші Дума мүшесі Ә.Бөкейханов, екінші Дума мүшесі 
М.Тынышбаев, үшінші Дума мүшелері С.Максудов, В.С.Елпатский, А.А.Липовский, 
П.И.Преображенский, О.А.Шкапский және генерал-майор А.Дәулетшин енді. Комитетің 
төрағасы болып Н.Н.Щепкин тағайындалды. Самарқан, Ферғана, Сырдария, Жетісу, 
Закаспий облыстарында және Хиуа мен Бұқара хандықтарындағы орыс поселкелеріне 
Түркістан комитеті Уақытша үкімет атынан билік жүргізуге өкілетті болды. 
1917 жылғы ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде 
белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет