Тақырып Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай-тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары



Pdf көрінісі
бет17/28
Дата07.02.2022
өлшемі374,13 Kb.
#92630
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Жетісу облысындағы қарулы
қақтығыс шілде-тамызда бұқаралық сипат 
алды. Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде-стихиялық наразылық көріністері, 2) 
тамыз-оның қарулы көтеріліске ұласуы және 3) қыркүйек-қазан-көтерілістің 
біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деп үш кезеңге бөлуге болады. 
Жетісуда қоныстанушылардың 94-і көтерілісшілердің шабуылына ұшырады. 
Ұлтаралық қақтығыс салдарынан 25 мыңнан астам орыс пен украин өліп, жараланды. 
Көтеріліс үдей түсіп, Шу өзені мен Ыстықкөлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 
10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады. Жаркент 
уезінде көтерілісшілер Таврия, Владислав, Мащеры, Краснояр, Новокиев қоныстарын 
басып алды. 
Көтерілістің ірі ошағы Қарқара аймағы болды. 5 мыңнан астам көтерілісші 
Қарқара жәрмеңкесін қоршады. 1916 жылы 11 тамызда Кравченконың жазалау 
отрядтарын талқанды. 
1916 жылы 10-12 қыркүйекте Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220 
ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды. 
Мойынқұмда Мерке, Әулиеата көтерілісшілері шайқасты. Жетісу көтерілісінің 
жетекшілері: Верный уезінде: Б.Әшекеев, Т.Бокин. 
Қарқара аймағында: Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов. Мерке ауданы, Құрақты болысында 
А.Қосанов.
Жетісудағы көтеріліске қарсы патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді: 14 
батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. 1916 жылғы қазанда патша 
әкімшілігінің «Қырғыздарды көшіру туралы» шешімі шықты. Түркістан өлкесінде 347 
адам атылды, 168 адам жер аударылды; 
Пішпек, Пржевальск, Жаркент уездеріндегі шұрайлы жердің 2 млн.510 мың 360 
десятинасы тартып алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет