1916 жылғы көтеріліс кезінде патша өкіметімен қудаланған300 мыңнан астам халықЖетісудан Қытайға көшуге мәжбүр болды. -37355 қазақ отбасылары құнарсыз таулы аймаққа немесе Балқаш маңындағы
шөлді далаға қуылды.
Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ
күш тең болмағандықтан жеңілді. Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеев бейбіт
халықты ойрандалудан, көтерілісшілерді жазалаудан құтқару мақсатымен өкімет
орындарына өз еркімен берілді.
1916 жылы 9 қыркүйекте жазалаушылар Бекболатты Боралдай асуында дарға асты.
Жәмеңке Мәмбетов абақтыға қамалып, 12 басшымен бірге азаппен өлтірілді. Жетісудағы
көтеріліс кезінде Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты. 1916
жылы қазанда Жетісу көтерілісі талқандалды. Нәтижесінде: Жетісу губерниясы 53 мың
шаруаға кеміді. Мал азайып 1/3 бөлігі ғана қалды.