Тақырып Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай-тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары


жылы аралас орыс-қазақ мектептерінің ашылуына бастама болған



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата07.02.2022
өлшемі374,13 Kb.
#92630
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
1906 жылы аралас орыс-қазақ мектептерінің ашылуына бастама болған 
патша әкімшілігінің ағартушылықты дамыту туралы заңы қабылданды. 
Патша халық бұқарасының назарын алаңдату үшін шақырған I Мемлекеттік Дума 
оның үмітін ақтамады, ал оның мінберін партиялар өз мақсаттарына пайдаланды. 
Бірінші Дума помещиктердің жерлерін мемлекет пайдасына беру туралы 
ұсынысынан бас тартпаған соң, патша II Николай 1906 жылы 9-шілдеде Думаны тарату 
туралы Манифеске қол қойды. 1906 жылғы желтоқсанның соңында екінші Думаға сайлау 
науқаны басталды. Оған қазақ даласынан алты қазақ: Ақмола облысынан –
Ш.Қосшығұлов, Семей облысынан –Т.Нұрекенов, Орал облысынан –Б.Қаратаев, Торғай 
облысынан екінші рет –А.Бірімжанов, Сырдария облысынан –Т.Аллабергенов, Жетісу 
облысынан-М.Тынышбаев сайланды.Бірақ екінші Думаның жұмысы, бірінші Думамен 
салыстырғанда, әлсіздеу болды. Қазақ депутаттары: Ә.Бөкейханов, Ш.Қосшығұлов, 
Б.Қаратаев орыс және украин шаруаларын Қазақстанға қоныстандыруды және қазақ 
халқының жерлерін тартып алуды тоқтатуға мүмкіндік беретін аграрлық заңды өткізу 
мақсатында Дума трибунасын белсенді пайдаланды. 
Жер мәселесі бойынша қызу да тартысты пікірсайыстар басталды, ол кезде 
депутаттар помещиктерді жерлерінен айыру туралы мәселені қайтадан көтерді. Екінші 
Думаның 1907 жылғы мамырдың 16-сындағы мәжілісінде Б.Қаратаев қоныстандыру 
шарасының қазақтардың шаруашылығына тигізетін зияны туралы баяндама жасады. 
Мәжіліс төрағасы депутаттың сөзін бөлген кезде, Б.Қаратаев «шаруалардың жерге 
мұқтаждығын қанағаттандыру үшін, жеке иеліктерге берілген жерлерді тәркілеу жолында 
күресетін кез келген ресейлік қарсылық қозғалыстарын қазақтардың қолдайтыны» туралы 
әйгілі мәлімдемесін жасады. 
Демократиялық оппозициямен келіскісі келмейтін патша 1907 жылғы маусымның 
3-інде екінші Думаны таратып, «Үшінші Думаға сайлау туралы Ережелер» шығарды.
Жаңа сайлау заңы бұрыннан бар куриялық теңсіздікті одан сайын ушықтырып 
жіберді. Енді помещиктің бір дауысы –ауқатты қалалықтардың төрт дауысына, қала 
тұрғындарының -68 дауысына, шаруалардың -260 дауысына және жұмысшылардың 543 
дауысына теңестірілді. Орталық Азияның тұрғылықты халқының, оның ішінде 
қазақтардың мүлдем сайлау құқы да, Думаға сайлану құқы да болмады. 
Бірінші орыс революциясы жеңіліс тапқаннан кейін реакция кезеңі туды. 
Ұлттық –отаршылдық езгінің күшеюі, патша өкіметінің аграрлық саясаты, өлкенің 
әлеуметтік-экономикалық өміріне капиталистік қатынастардың енуі қазақ халқының 
ұлттық сана-сезімінің өсуіне жеткізді. Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс біртекті 
болған жоқ, оған әр түрлі идеялық-саяси ағымдар қатысты, оған ұлттық зиялылар 
өкілдері, Петербург, Москва, Қазан, Томск және Орынбор университеттері мен 
училищелерінің түлектері ұйытқы болды. Ұлттық зиялылардың әр түрлі идеялық саяси 
ағымдарының пікірін «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті мейлінше толық білдірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет