10 баптан тұратын «Алаш» партиясының бағдарламасы
құжат ретінде қабылданып, 1917 жылы партияның басылым органы болып съезде
бекітілген «Қазақ» газетінің 251-санында жарияланды.
1917 жылдың аяғында Құрылтай жиналысына сайлаудың нәтижесінде
Қазақстанның көпшілік уездерінде «Алаш» партиясының өкілдері жеңіске жетті.
1917 жылдың көктемі мен жазында қазақ даласында барлық қоғамдық топтардың
қозғалыстары арта түсті. Бұл кезеңде аймақта көппартиялық жүйе орын алды.
1917 жылы
наурызда түрікшілдік пен исламды жақтайтын «Шуро-и-ислам» партиясы
құрылды. 1917 жылдың күзінде Қазақстанда өзін «Қырғыз» (Қазақ) социалистік
партиясы» деп атаған және 1918 жылдан бастап Алашорда үкіметіне қарсы
большевиктердің одақтасы болған ұлттық-саяси ұйым «Үш жүз» партиясы
құрылды. Оның басшысы болып Қ.Тоғысов сайланды.
Көптен күткен саяси тәуелсіз зайырлы ұлттық мемлекет құруға мүмкіндіктер
туды.Сонымен, қорыта айтқанда, Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның идеологтары
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі
деп бағалап келді. Бірақ, біз
жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жалпы Алаш қозғалысы,
соған байланысты XX ғасыр басындағы қазақ ұлт
зиялыларының қоғамдық-саяси
қызметінде «ұлтшылдықтың», «буржуазияшылдықтың» ешқандай да белгісі болған емес.
«Алаш» қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды. Сондықтан,
қазіргі де, болашақ ұрпақтың да санасында оның өмір сүрген
уақыты қазақ халқының
ғасырлар бойы армандаған өзінің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы
күресінің ең маңызды бір кезеңі деп бағалануы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).Бес томдық. 3-Том.-Алматы:
«Атамұра», 2010.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).Бес томдық. 4-Том.-Алматы:
«Атамұра», 2010.
3. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы.Оқулық.редакциясын
басқарған
Қ.С.Қаражан.Алматы: «Қазақ университеті», 2005.