найман)өкілдерінің құрылтайында халық арасында атақты Нияз бидің ұрпағы
Әбдіғапар Жанбосынов көтеріліске
шыққан Торғай уезінің ханы болып сайланды.
1916
жылғы 22 қазанда А.
Иманов басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын
қоршады. Оған қарсы генерал Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді.
Көтерілісшілер қоршауды тоқтатып, 1916 жылы қарашада Түнқойма почта станциясының
маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. 1916 жылдың қарашасы
мен 1917 жылы ақпанда көтерілісшілердің негізгі бөлігі А.Иманов штабына орналасқан
Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне
көшті.
1917 жылы Торғай көтерілісі талқандалды. Көтеріліс салдары нәтижесінде: 3
мыңға жуық адам жауапқа тавртылды, оның 201-і өлім жазасына кесілді. 162-каторгаға
айдалды. Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.
Достарыңызбен бөлісу: