Тақырып Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай-тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары



Pdf көрінісі
бет21/28
Дата07.02.2022
өлшемі374,13 Kb.
#92630
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Көтерілістің тарихи маңызы: 
қазақ халқының таптық санасы өсті. Қазақстан 
халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды. Қозғалыс барысында 
өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. Ресей империясындағы 
азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің сипаты 
отаршылдыққа қарсы күрес болып табылады. 
 
3. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның 
қазақстанға тигізген ықпалы 
1917 
жылғы 
24-27 
ақпанда 
Ресейдегі 
буржуазиялық-демократиялық 
революциянәтижесінде, монархия құлатылды (II Николай билігі). 1917 жылы Ресейдегі 
ақпан төңкерісінен кейін Қосөкімет орнады (1917 жылы 5 наурыз). Ол Уақытша үкімет 
және Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі. 
Қос өкімет дегеніміз – бір мезгілде билікке екі тап өкілдерінің келуі. Бұл жерде 
нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер 
әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады. 
Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы 
Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы 
туралы хабар, Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі Президиумының халыққа жолдауы 
Қазақстанға 1917 жылы наурыздың 2-3-інде келіп жетті. 
Уақытша үкіметте, Петроград Кеңесі де алғашқы кезде бір-бірін жарыса 
толықтырумен болды. Уақытша үкімет қажетті заңды өкілеттіліктері бар жоғарғы 
мемлекеттік жалпыхалықтық сайланған органның еркін білдіретін таза қызметтік аппарат 
ретінде әрекет етті.Мұндай жағдай жергілікті жерлерде, шет аймақтарда әлі де билікке ие, 
жазалаушылық қабілетінен айрыла қоймаған көне (патшалық) бюрократиялық басқарудың 
қарсылығын бірден басты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет