олар жерге мемлекеттік меншіктің (Ресей империясының) күшін жою және оны
қазақтардың
меншігіне беру, жер сатуға тыйым салу талаптарын қойды.
XX ғасырдың басында «Айқап»журналы Қазақстан халқы арасында ағарту
және білім беру идеяларын уағыздады. «
Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті өз
беттерінде жалпыұлттық идеялар мен қазақ халқының мүдделерін көрсете білді.
Осындай қиын сәтте 1914 жылы 19 шілдеде (1 тамызда) бірінші дүниежүзілік соғыс
басталды.Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік
әлеуеті төмен, көлігі нашар
дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген
еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішнара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму
деңгейі бірте-бірте кеми түсті.
Ресей империясы соғыстаАнтанта
әскери соғыс одағы құрамында, яғни Англия,
Франция, Ресей болып «Үштік одаққа» қарсы соғысты. «Үштік Одақ» әскери одағы
жағында: Германия,
Австро-Венгрия, Италияболды. Бірінші дүниежүзілік соғысқа 38
мемлекет қатысты, оның 34 «Антанта» жағында, 4-і «Үштік одақ» жағында шайқасты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп соқты. Ауыл
шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ер
азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеп соқты.
Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы бірінші кезекте жайылымдық алаптарды
одан әрі тартып алу салдарынан зардап шекті. Бұл мал санының азаюына әкеп соқты.
Қазақтардан тартып алынған жерлерге капиталистік үлгідегіірі мал өсіретін
шаруашылықтар құрыла бастады. Мал санының қысқаруы ең алдымен қазақ халқының
армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын
алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді.
Өйткені қазақ шаруашылығындағы мал саны жылдан-жылға азая берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері
үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды
салаларының бірі Успен және
Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кен өндіру болды. Ембі (Жем) өңірінде мұнай өндіру:
-1914 жылы 265560 тонна,
- 1915 жылы 80 мың тоннаға кеміді.
Соғысқа кеткендер есебінен өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт
азайды.
Патша әкімшілігі шовинистік ұрандар таратып, ұлтаралық араздықты ушықтырды.
1914 жылы 9 қазанда «Жетісудағы орыс қоныстарындағы дәулетті топтарды
қаруландыру туралы» құпия бұйрық шықты.
Патша үкіметінің аграрлық және отарлық саясатына қарсы қазақ еңбекшілері бас
көтерді.1915
жылғы маусымда Екібастұз, Спасск мыс кеніштеріндегі, Орынбор-Ташкент
темір жолдарында ереуіл өтті.1916 жылғы қаңтарда Верный, Семейде толқулар болды.
1916 жылы Орынбор облысының Ақбұлақ мекенінде, Лепсі, Верный уездерінде солдатқа
алынғандар әйелдерінің бас көтерулері басталды.
Соғыс жылдары Австро-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі
өлкенің қоғамдық-саяси жағдайына әсер етті.1916 жылы наурызда Түркістан
өлкесінде
200 мың әскери тұтқын тіркелген.
Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайды
дағдарысқа ұшыратты. Семей, Ақмола облыстарында –жұмысшылардың 50%,
Орынборда-40%, Жетісуда –үштен бірі әскерге шақырылды. Соғыс жылдары еңбекке
жарайтын майданға шақырылған қоныстанушы ер адамдардың үлесі - 55%.
Әскери тұтқындарды арзан жұмысшы күші ретінде пайдалану шаруашылық
жағдайын қалпына келтіруге мүмкіншілік берді.
1916 жылы Петропавл уезінде (Ақмола облысы) 4000 тұтқын, ал
Ақмола
облысында 14 мың тұтқын ауылшаруашылық жұмысына тартылды.
Әскери тұтқындардың ауыр тұрмыс жағдайына қарсылықтары болып жатты.
1915 жылғы мамырда –Риддер кен орнында, қазанда әскери тұтқындар лагерінде
ереуілдер болып өтті. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен
Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» атанды.
Әскери
тұтқындардың ұлттық құрамы: славян тектес тұтқындар басым болды. Одан басқа түрік,
румын, итальян, неміс, венгрлер болды.
Қазақтардың
жерін жаппай тартып алу нәтижесінде көшпелілер мен
қоныстанушылар арасында қақтығыстар көбейді.
Ә.Бөкейхановтың «Қазақ» газетіндегі мақаласы: «Тағы соғыс» деп аталды. Бұл
мақалада: «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып,
қанын төгетін сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшаларының қылған
ісі кімнің алдында ақталмақ».
Достарыңызбен бөлісу: