1916 жылғы көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор: 1916 жылғы 25
маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен дала өлкесінен 19-43 жас
аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығының шығуы.
Революцияшыл-демократияшыл топ өкілдері:
(Ә.Жангелдин, А.Иманов,
Т.Бокин, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, С.Меңдешев, Б.Алманов, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов)
қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.
Либералдық-демократиялық
зиялылар:
(Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов,
М.Дулатов) патша үкіметімен келісімпаздық (ымыраластық) бағыт ұстанды. Олардың
мақсаттары:
1.
Қазақтарды тыл жұмысына шақыруды дайындық жұмыстарынан кейін
жүзеге асырып, уақыт ұту.
2.
Қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу.
3.
Ұлттық автономия құру.
Тарих осы бағыттың дұрыс болғанын дәлелдеді. Феодалдық басшы топтар және
жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. Жергілікті патша әкімшілігінің анықтамасы
бойынша 2 топқа бөлінген:
1.
Жұмысшы топтар мен қалың бұқара бұйрықты қолдамады.
2.
Байлар, ауыл старшиндары патша жарлығын қолдады.
Патша жарлығына жауап ретінде шілде айының басында өлкеде стихиялық бас
көтерулер болып өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |