Тақырып Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай-тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары


XX ғасырдың басында ислам дінінің, түркі әлемінің ықпалы мен дәрежесін



Pdf көрінісі
бет10/28
Дата07.02.2022
өлшемі374,13 Kb.
#92630
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
XX ғасырдың басында ислам дінінің, түркі әлемінің ықпалы мен дәрежесін 
көтеріп, сонымен бірге Европадағы білім мен тұрмыстың жақсы жақтарын да өз 
елінде енгізгісі келген қоғамдық-саяси және діни қозғалыс жәдиттер белсенділігі 
артты.
Мұсылман дінбасылары мен татар буржуазиясының ықпалы күшті болған Семей, 
Петропавл, Ақмола, Верный және басқа қалаларда діни ұйымдар пайда болды. Өлке 
мұсылмандарының діни талаптар қойған петициялық науқаны кеңейді. Съезд 
«Бүкілресейлік мұсылман одағын» құрды. Ол өзінің үшінші съезінде (1906 жылғы тамыз) 
рухы жөнінен кадет партиясының идеяларына жақын бағдарлама қабылдады. Патша 
өкіметі Ресейдің, соның ішінде Қазақстанның да мұсылман қауымына бірқатар 
жеңілдіктер жасауға барды. Мұсылман қозғалысы түрік халықтарының Ресей империясы 
құрамындағы автономиясы және мәдени-автономиялық даму туралы мәселе көтерді. 
Ресейде 1905 жылы бірінші орыс революциясы басталып, жұмысшы- шаруалардың 
бас көтеруі қызып жатқан кездерде қазақ халқы да елдің тұрмыс-тіршілігіне, ауыр 
жағдайына, жүргізіліп отырған қоныстандыру саясатының озбырлығына, жердің талан-
таражға салынып бара жатқандығына ашық наразылықтарын білдіріп, патша өкіметіне 
бірнеше арыз, шағым жазған еді. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – Семей облысындағы 
Қарқаралы уезінің Қоянды жәрмеңкесінде 14,5 мың (екінші деректе 16 мың) адам қол 
қойғанҚарқаралы петициясы. 
Петицияны дайындап, халық өкілдеріне қол қойғызғандарының ішінде Ж.Ақбаев, 
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, К.Тоғысов, А.Аяғанов болғанҚоянды жәрмеңкесінен 
жазылып, Ресей патшалығының атына жіберілген петиция тарихта «Қарқаралы 
петициясы» деген атпен қалды. 
Қазақстан халқының саяси санасын көтеруде Мемлекеттік Дума сайлауы да 
айтарлықтай рөл атқарды, сайлау кезінде саяси партиялардың сайлаушылар дауысы үшін 
күресі өрістеді. Мемлекеттік Дума сайлауы сословиелік теңсіздікке және мүлік цензіне 
негізделген жүйе бойынша өткізілді. Сайлаушылар тең емес 4 курияға: егіншілік 
(помещиктік), қалалық (буржуазия, үй иелері, пәтер жалдаушылар), шаруа және жұмысшы 
курияларына бөлінді. 
Мемлекеттік Дума сайлауы Қазақстанның бүкіл аумағында төтенше жағдай 
талаптарымен өткізілді. I Мемлекеттік Думаға (1906 жылғы 8 шілдеде таратылды) 
Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 миллион қазақ халқынан 4 депутат: Ә.Бөкейханов, 
А.Бірімжанов, А.Қалменов, және Б.Құлманов сайланды. Орыс халқы 5 депутат сайлады: 
В.И.Ищерский И.Лаптев, В.Недоносков, Н.Дыхнич, Н.Коншин. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет