XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ
халқының рухани өміріне
терең әсер етті.
Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына,
өлкедегі отаршылдық езгіге,
әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық,
жұмысшылар
мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине,
патшалық Ресейдегі 1905-1907 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық
революцияның ықпалы зор болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық және саяси дамуы
дәрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді.
Екіншіден, оған өнеркәсіп пен
қала жұмысшылары қатысты. Үшіншіден,
аграрлық қозғалыстар негізінен, қазақ
ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-әрекеттерінен
көрінді.
Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласып, ұлт-
азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.
XX ғасырдың басында Қазақстан
қалаларында жасырын билікке, яғни патша
үкіметіне қарсы жасырын құпия ұйымдар пайда болды. 1896
жылы Атбасарда жасырын
марксистік ұйым құрыла бастады. 1902 жылы Орынборда тұңғыш маркстік құпия
ұйымның бірі құрылды. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына»
негіз болған
оқиға-
Достарыңызбен бөлісу: