Жетісу, Ақмола және
Семей облыстарындағы қоныстану аудандары нақты белгіленді
.
XX ғасырдың басында Қазақстандағы аграрлық мәселелердің шиеленісуі өзінің
шырқау шегіне жетті. Бұған империяның бұрыңғы қоныстандыру саясаты және одан
кейінгі жергілікті халықтан жерді тартып алуға бағытталған қаулылар әкеп соқты.
Ресейдің еуропалық аудандарынан шаруалардың ағылып келуінің күшеюі үкіметті
Қазақстанның бұрын жабық болған аудандарын қоныс аудару үшін ашуға мәжбүр етті.
Бұл негізінен Түркістан генерал-губернаторының жерлеріне қатысты болатын. Оларға,
Жетісу облысын қоспағанда, қоныс аударушыларды орналастыруға тыйым салынған еді.
1903 жылы 10 маусымда «Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстарындағы қазыналық
жерлерге өз еркімен қоныс аудару туралы» ережелер бұл аудандарға сол кезге дейін іс
жүзінде заңсыз болып келген қоныс аударуды заңдастырып берді.
ҚазақстандаXIXғасырдың аяғынан бастап жер бөлуші топтар жұмыс істеді, олар
«бос» деп белгіленген жерлерге қоныстану учаскелерін кесіп беруге тиіс болатын. «Бос
жерлер» дейтіндерді далалық облыстарды зерттеу жөніндегі экспедиция, басқаша
айтқанда Ф.А.Щербинаның экспедициясы анықтауы керек еді. Қазақтың белгілі ғалымы,
сайси қайраткер Ә.Бөкейханов Қазақстандағы қоныс аудару ісінің жағдайымен терең
таныс болды. Ол Ф.А.Щербина экспедициясының жұмысына белсене қатысты, 1
Мемлекеттік Думаның депутаты болып сайланды. Экспедицияның жұмысы ол жұмыс
істеген жылдардың өзінде-ақ, әсіресе, қазақтардың жер пайдалану нормаларына қатысты
көп ескерту жасады. Бірнеше жыл бойы Қазақстанның бүкіл аумағы алты қоныс аудару
округіне: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария округтеріне бөлінді.
Қазақстандағы күрделі жер қатынастары жағдайында столыпиндік аграрлық
реформаны кеңінен жүргізу өріс алды, оның мақсаты қоныстандыру қозғалысын күшейту
болатын.
Реформа нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда,
Қазақстанға жаппай көшуі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |