3.2 Басқаруды талдаудың әдістемесі
Басқаруды талдау әдісі аналитикалық зерттеудің бірқатар нақты әдістемелері арқылы жүргізіледі. Басқаруды талдаудың әдістемесі - талдау мақсатына жетуге бағынатын, шаруашылық қызметтің экономикалық құбылыстары мен процестерін зерттеудің аналитикалық тәсілдері мен ережелерінің жиынтығы.
Талдаудың жалпы және жеке әдістемелерін бөліп қарастырады.
Жалпы әдістемелер - ұлттық экономиканың әртүрлі салаларындағы экономикалық талдаудың әртүрлі объектілерін зерттеу кезінде бірдей қолданылатын зерттеу жүйесі.
Жеке әдістемелер - экономиканың жекелеген салаларына, өндіріс түрлеріне, зерттеу объектілеріне, талдау түрлеріне қатысты қолданылатын зерттеу жүйесі.
Шаруашылық қызметті кешенді талдау кезеңдері:
1. талдаудың объектісін, мақсаттары мен міндеттерін анықтау, талдау жұмыстарының жоспарын құру;
2. талдау объектісі сипатталатын синтетикалық және аналитикалық көрсеткіштер жүйесін әзірлеу;
3. талдау үшін қажетті ақпаратты жинау және дайындау (оның дұрыстығын тексеру, оны салыстырмалы түрге келтіру және т.б.);
4. нақты нәтижелерді есепті жылғы жоспарлық көрсеткіштерімен, өткен жылдардың нақты деректерімен, жетекші кәсіпорындардың жетістіктерімен, саланың орташа деңгейімен және т.б. салыстыру;
5. факторлық талдау: факторлы белгілердің нәтижелі белгіге тигізетін әсерін анықтау;
6. өндіріс тиімділігін арттыру үшін пайдаланылмаған болашақ резервтерді анықтау, оларды пайдалану бойынша шараларды әзірлеу.
Талдау құралдары - техникалық әдістер мен талдау тәсілдері.
3.3 Талдаудың негізгі әдістері мен тәсілдері
Шаруашылық қызметті талдау кезінде қолданылатын көптеген әдістердің ішінен төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
1. дәстүрлі логикалық тәсілдер - салыстыру, графикалық, баланстық, орташа және қатысты шамалар, аналитикалық топтастыру, түйсік, өткен тәжірибе, мамандардың сараптамалық бағалары негізінде экономикалық есептерді шешудің эвристикалық әдістері және т.б.;
2. детерминирленген және стохастикалық талдау тәсілдері, шаруашылық нәтижесіне әсер ететін факторларды зерттеуде қолданылатын экономикалық есептерді шешудің оңтайландырылған әдістері және тізбектеп алмастыру, абсолютті және салыстырмалы айырмашылық, интегралды, корреляциялық әдістер; сызықтық және сызықтық емес бағдарламалау, жаппай қызмет көрсету теориясы, ойындар теориясы, операцияларды зерттеу және т.б. әдістер (4.2-кесте). Белгілі бір тәсілдерді қолдану талдаудың мақсаты мен тереңдігіне, зерттеу объектісіне, есептеулердің техникалық мүмкіндіктеріне және т.б. байланысты.
3.2-кесте. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау тәсілдері
Достарыңызбен бөлісу: |