тақырып. Бастауыш мектепке арналған программалық жабдықтарды талдау: қазақ және орыс тілі, ана тілі, математика, ағылшын тілі


«Математика» электрондық оқулығы кіріспеден және сегіз негізгі модульдерден тұрады



бет4/4
Дата06.02.2022
өлшемі18,83 Kb.
#80223
түріПрограмма
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция Бастауыш мектепке арналған программалық жабдықтарды талдау

«Математика» электрондық оқулығы кіріспеден және сегіз негізгі модульдерден тұрады:
№ 1 модуль «Заттардың қасиеті»
№ 2 модуль «Геометриялық фигуралар»
№3 модуль «Басқа ұғымдар»
№4 модуль «Теңдік, теңсіздік».
№5 модуль «Сандар»
№6 модуль «Сандық түзу»
№7 модуль «Арифметикалық амалдар»
№8 модуль «Нәтижені тексеру»
1 сынып оқушысы үшін көз алдында кескінделіп тұрған заттарды санау арқылы есеп шығару, мысал орындау, т.с.с оның ой-қиялын дамытып, жүйелі ойлауға үйретедҚорыта келгенде, білім беру саласында электронды оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға , шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызадыЭлектрондық оқулықтарды оқу үрдісінде жаңа материалды оқу (танымдық іс-әрекет, аналитикалық талдау); оқушылардың ізденіс жұмыстары (тапсырма бойынша жеке көзқарасты компьнелеуютерде бейнелеу, белгілі бір сұрақ төңірегінде ізденіс жүргізу, тақырып бойынша материалдарды жүйелеу, жинақталған компьютерлік материалдарды өңдеу); аралас сабақ (оқып-үйрену, қайталау, жалпылау); өз бетінше оқу (ақпарат блоктары арасындағы қатынас бойынша жаттығу, жеке дара шығармашылық жобалармен айналысу); білімді тексеру (оқу материалдарын қайталау, тестілер мен тапсырмаларды орындау) үшін пайдалануға болады.
Электрондық оқулықтағы дидактикалық модуль оқушылардың құнды және елеулі түрде кеңейтілген оқу-танымдық іс-әрекетін бағдарлайды және қамтамасыз етеді. Ол арқылы оқу-тәрбие үрдісінің бірыңғай аумағында педагог пен оқушының оқу-әдістемелік, басқару, ұйымдастыру жұмыстарын жинақтауға және шоғырландыруға болады.
Электрондық оқулық – жаңа оқу құралы, оның құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізуге болатын ашық жүйе. Электрондық оқулықтың кейбір элементтерін дәстүрлі оқулықпен салыстыратын болсақ, мынадай қорытынды жасауға болады:

  • Электрондық оқулықта мәтіндік ақпарат қысқа және тұжырымды болады. Бұл оқушының оқу материалын шапшаң меңгеруіне көмектеседі. Сонымен қатар, мұнда әріптердің түсін, типін өзгерте отырып, яғни виртуалды бейнелей отырып, маңызды тірек сөздерді айқын көрсетуге болады. Мұны кәдімгі оқулықта көрсету қиын, онда тек қисық, асты сызылған, қоюланған әріптермен белгіленуі мүмкін;

  • Электрондық оқулықта өте көп көрнекі материалдар қамтылады.

Бұл көрнекіліктің дидактикалық мәнін ашады. Бастауыш сынып оқушылары қимыл мен қозғалыс арқылы берілген түсініктерді қызығушылықпен қабылдайды. Мұндай көрнекіліктің бәрін оқулықта беру мүмкін болмайды;

  • Кәдімгі оқулықта тіптен берілмейтін бейнематериалдардың бер

электрондық оқулықтың шоқтығын тағы да биікке көтереді. ЮНЕСКО мәлеметтері бойынша, оқушылар аудиоақпараттың 12 %-ын, көрген ақпараттың 25%-ын, ал аудиовизуалды ақпараттың 65%-ын қабылдайды. Олай болса, компьютерлердің мультимедиалық жабдықтарын пайдалана отырып жасақталған электрондық оқулық оқушының оқу материалын оқушының жақсы меңгеруіне жол ашады;

  • Электрондық оқулық кәдімгі оқулықта берілуі қиын

гиперсілтемелі ұғымдарды қамти алады. Ол материалдың кей сұрақтарды тез ашып, оқуға мүмкіндік береді;

  • Кәдімгі оқулықта кітап беттерін белгілеу арқылы қайталай отырып, материалды толық түсіну мүмкін болса, электрондық оқулықтарда келесі беттерге көшу әлдеқайда шапшаң жүреді;

  • Электрондық оқулықта оқушыға ұсынылатын әдебиеттер тізімі

болады.
Қорыта келгенде электрондық оқулықты пайдаланудың жолдары сабақтың ұйымдастыру кезеңінен басқа кезеңдерге қолдануға болатынын айтқым келеді. Әсіресе жаңа сабақты түсіндіру кезінде пайдаланса мұғалімге үлкен көмекші құрал болар еді. Әр тарауды өткен кезден кейін оқушылардың білімін тексеру үшін де пайдалану, балалардың есте сақтау қабілеттерін жақсартатынына сенемін.
Электрондық оқулықтар оқушылардың өз бетінше жұмысын және олардың танымдық белсенділіктерін арттырады, оқушылардың терең, тиянақты білім алу сапаларын жаңа сатыға көтереді. Сонымен бірге барлық оқыту үрдісінің алға қойған мақсатынан бастап, қол жеткен нәтижесіне дейінгі аралықты қамтиды. Оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет