Мәжбүр етугенегізделген билік: орындаушы ықпал етушінің әрекеттерінен жасқанады, аса үлкен қажеттіліктерді қанағаттандырмай тастау мүмкін деп ойлайды.
Марапаттауға негізделген билік орындаушы ықпал етушіден өз еңбегінің жемісі үшін – жақсы сыйлық аламын деп сенеді, одан жақсылық күтеді.
Сараптау билігі: Орындаушы ықпал етушінің белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруына мүмкіндік беретін білімі бар деп сенеді.
Эталондық билік (үлгі билігі ): орындаушы үшін ықпалдың сипаты мен қасиеттері өте жағымды, сондықтан ол ықпал етушіге ұқсағысы келеді. Ықпал жасаушы адам ерекше қабілетті, іскерлігі, қасиеттілігімен үлгі бола алады, сондықтан да ұйымдағы басқа адамдар сондай болғысы келеді, соған тырысады,
Заңды билік: оындаушы ықпал етушінің бұйрық беруге құқығы бар, ал оны орындау өзінің парызы екендігіне сенеді. Орындаушы бағынған кезде ғана қажеттіліктер қанағаттандырылатынын түсінеді де, дәстүр бойынша ықпал етушіге бағынады.