Басшы жұмысының стилі – оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Басшының стилі – бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
Басшылық стилі басқару тәсілімен белгілі бір ара қатынаста және өзара әрекетте болады. Алайда олар бірдей ұғымда емес.
Басқару тәсілі – басқару ісін жүзеге асырудың жиынтық әдістері, амалдары, жұмыскерлер мен еңбек ұжымына ықпал ету, басқару қызметін орындау процесінде олардың іс-әрекеттерін үйлестіруді қамьамасыз ету.
Басшының дербес стилі.
- Әрбір басшының дербес стилі бар, мұның өзі оның іс-әрекетінде көрініп, басқару аппаратының және бүкіл ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді.
Дербес стиль нақты құбылыс – оны түгелдей, егжей-тегжейлі қайталауға болмайды. Басшының дербес стилі алуан түрлі объективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:
1) іс-әрекет сипаты;
2) басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс;
3) психологиялық қасиеті;
4) орындау тәртібінің жағдайы т.б.
Басшы мен бағыныштының өзара қарым-қатынас жасауы, ұжымның ықпал ету нәтижесінде басшы стилі үнемі жетілдіріліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |