Тақырып: Бронх өткізгіштігі бұзылу(бронхтардың бітелу) синдромы


Өкпе артерияларының түйілуі (Китаев рефлексі) – компенсацияның 1-і, сол жүрекшеге келетін қан көлемін азайтуға бағытталған



бет12/29
Дата20.10.2023
өлшемі4,08 Mb.
#186963
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 1 САГАТ (копия)

Өкпе артерияларының түйілуі (Китаев рефлексі) – компенсацияның 1-і, сол жүрекшеге келетін қан көлемін азайтуға бағытталған
Компенсацияның 2-і сол қарынша гипертрофиясы
Осы 2 компенсациялық механизм жүрек жұмысын ұзақ уақыт бойы жеткілікті деңгейде сақтайды
Әрі қарай декомпенсация сол қарыншалық қан айналым жетіспеушілігі түрінде дамиды, яғни СҚ өкпеден келген қанды толық қабылдай алмайды
Кіші қан айналым шеңберінде қан іркілісі, өкпе артерияларында қан қысымы жоғарлайды.
Қысымға қарсы жұмыстан оң қарынша гипертрофияланады (3-і компенсаторлық механизм)
Оң қарынша мүмкіндігі шегіне жеткенде үлкен қан айналым шеңберінде қан іркілісі дамиды және енді жүрек жұмысы жетіспеушілігі үлкен қан айналымы шеңберінде қалыптасады:
бауыр үлкеюі, аяқтарда ісік, асцит және басқа белгілері қосылады
Клиникасы – ұзақ уақыт бойы шағым жоқ. Кіші қан шеңберінде айтарлықтай қан іркілісі пайда болса ғана үйреншікті жүктемеден соң жүрек соғуы және ентігу мазалайды
Анамнез: жүрек ақауы себебіне байланысты
Қарау: аз-кем акроцианоз және жүрек ұшы соғуы жайылмалы биік (СҚ гипертрофиясы)
Пальпация: жүрек ұшы соғысы – қарау деректеріне сәйкес, пульс өзгермейді
Перкуссия: жүрек шегі жоғары және солға кеңіген; оң қарынша гипертрофиясында – жүректің анық тынық ені кеңиді
Аускультация: - жүрек ұшында 1-і тон әлсірейді Механизмі: митральды қақпақша керілуі және тербелісі қарыншаның изометриялық жиырылу фазасында әлсірейді, себебі: а) қақпақша кемістігі болғаннан және қақпақшалар қозғалуы шектелгеннен, б) қақпақшалардың жабық кезеңі толық болмағаннан қарынша ішілік қысым азайып, гемодинамикалық толқын күші әлсірейд
Жүрек ұшында систолалық шу
Механизмі: сол қарыншадан сол жүрекшеге систола кезінде қан кері оралады, кері қан ағымы иірімді – (систолалық шу)
Систолалық шу 1-і тоннан соң, бірте-бірте әлсірейді, шалқасынан жатқан қалыпта анықтау естіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет