Тақырып: Бронх өткізгіштігі бұзылу(бронхтардың бітелу) синдромы


Мәжбүрлі қалып: ауратын қырымен жату



бет8/29
Дата20.10.2023
өлшемі4,08 Mb.
#186963
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 1 САГАТ (копия)

Мәжбүрлі қалып: ауратын қырымен жату
Диафрагмальды плевра зақымдалғанда ауратын нүктелер (m.sternocleido-mastoideus бұлшық еттері аяқшалары арасы), 10-ы қабырға және парастернальды сызық қиылысы.
Жиі беткейлі тыныс және кеуденің ауратын жағының тыныстан қалыңқылығы.
Әлсіреген везикулярлы тыныс.
Шектелген жерде плевраның үйкелу шуы – ең сенімді белгі.
Физикальды тексеру
Экссудативті плеврит
Көпшілік жағдайда экссудативті плеврит аталған құрғақ плеврит бегілерімен басталады.
Экссудат молая келе клиникалық көрініс өзгереді және плевра беттері өзара алшақтауына байланысты: кеудедегі шаншып ауру сезімі азаяды не біржола мазаламайды, кетеді.
  • Кеуденің ауратын жағында салмақсу сезімі және ентігу пайда болады. Ентігу үдеген тыныс жетіспеушілігінен және орталық қуыс мүшелерінің сау жаққа ығысуынан (науқас «ауру сезімін ентігумен алмастырды»).

Мәжбүрлі ортопное қалып, кеуде ауратын жаққа аз-кем бұрылған (decubitus lateralis қалпы – сау өкпенің перфузиясы компенсаторлы гипервентиляция салдарынан өседі).
Жайылмалы «сұрғылт» цианоз.
Кеуденің ауратын бөлігінің көлемі өседі және осы жақ тыныстан қалыңқы (Гувер симптомы).
Қабырға аралары жазылған, тыныста ішке тартылмайды (Литтен симптомы).
Зақымдалған жақ терісі ісіңкі, қыртысы сау жаққа қарағанда қалыңдау (Винтрих симптомы).
Пальпация және перкуссия
Дауыс дірілі айтарлықтай қатты әлсіреген не анықталмайды
Сұйықтық көлемі кемінде 300-400 мл болса, перкуторлы дыбыстың тұйықталуы.
Сұйықтық қалыңдығы айтарлықтай болса, абсолюттты тынық «сан дыбысты» дыбыс.
Сұйықтық сол жақта жиналса алдыменен пайда болатын клиникалық белгі Траубе кеңістігіне сәйкес келетін тимпаникалық дыбыстың анықталмауы.
Сұйықтықтың жоғарғы шегі Дамуазо-Эллис сызығында (экссудат көлемі аз болса).
Егер тынықтық кеуденің алдыңғы бөлігінде анықталса, жоғарғы шегі арқа жақта жауырын ортасына жетсе, онда сұйықтық көлемі 2-3 литрге сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет