Тақырып: Бронх өткізгіштігі бұзылу(бронхтардың бітелу) синдромы


Тыныс жетіспеушілігінің басты патофизиологиялық механизмі өкпе жазылуының айтарлықтай шектелуі, сондықтан өкпе көлемдерінің азаюы болады



бет7/29
Дата20.10.2023
өлшемі4,08 Mb.
#186963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 1 САГАТ (копия)

Тыныс жетіспеушілігінің басты патофизиологиялық механизмі өкпе жазылуының айтарлықтай шектелуі, сондықтан өкпе көлемдерінің азаюы болады.
Зақымдалған жақтағы өкпені ауаға толтыру үшін транспульмональды қысымды өсіру қажет. Ол үшін дем алған сәтте айтарлықтай бұлшық еттерге күш салу керек, бірақ бұдан тыныс бұлшық еттері шаршауы пайда болады. Нәтижесінде гиперкапния және гипоксемия дамиды.
Қабыну сұйықтығының бір салдары плевра беттерінде жабысқақ тін – шварттар қалыптасуы. Іріңді плевриттің сиректеу нәтижесі – плевра беттерінің біріктіргіш тінмен бітісуі (фиброторакс).
Плевриттерді байырғы түрде фибринозды не экссудативті деп бөлу шартты бөлу. Себебі көпшілік жағдайда құрғақ плеврит экссудативті плевриттің алғашқы сатысы.
Құрғақ плеврит: экссудация мөлшері аз, плевра беттеріне фибрин шөгіндісі пайда болады, экссудация бірте-бірте азаяды және аурудың кері дамуы басталады.
Экссудативті плеврит: егер қабыну тұрақталмаса, экссудация жалғасады, резорбция айтарлықтай төмендейді.
Құрғақ және экссудативті плевриттердің клиникалық көрінісінің айтарлықтай ерекшеліктері бар.
Клиникалық көрінісі
Фибринозды (құрғақ) плевриттің ең жиі себептері:
Пневмониялар
Өкпе туберкулезі
Вирусты инфекция
Кез келген өкпедегі не оған жақын
мүшелердегі іріңді-қабыну үрдістері.
Плевраға инфекция көбіне лимфогенді не гематогенді жолмен енеді.
Құрғақ плевритпен ауырған науқастың басты шағымдары:
Кеуденің ауруы, тыныспен, жөтелмен байланысты, сау жағына қисайғанда күшейеді.
Ауру сезімінің орналасуы және иррадиациясы плевраның қабынған жеріне (костальды, апикальды, диафрагмальды плеврит) байланысты.

Жөтел көбіне ауру сезімімен бірге мазалайды және ауру сезімі қайтадан жөтелтеді. Жөтелу плевра рецепторлары тітіркенгеннен.
Дене қызуының көтерілуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет