Тақырып: Бронх өткізгіштігі бұзылу(бронхтардың бітелу) синдромы


капиллярлар қабырғасы өткізгіштігі (қабынусыз) өсуі



бет5/29
Дата20.10.2023
өлшемі4,08 Mb.
#186963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 1 САГАТ (копия)

капиллярлар қабырғасы өткізгіштігі (қабынусыз) өсуі;
плевраның қатерлі ісіктері;
басқа себептерден.
Патогенезі
Плевральды қуыс 2 плевра беттерінен тұрады, олар астындағы тіндермен тығыз бітіскен.
Плевра қуысында қалыпты жағдайда плевраны ылғалдайтын аз көлемді серозды сұйықтық бар. Сұйықтық тыныс қимылдарында плевраның өзара үйкелуін азайтады.
Қалыпты жағдайда плевра қуысына бөлінетін және резорбцияланатын сұйықтық көлемдері тұрақты тепе-теңдікте.
Париетальды плевра секрецияны, висцеральды плевра резорбцияны қамтамасыз етеді.
Париетальды беттегі капиллярларда гидростатикалық қысым (су бағ. 30 см) деңгейі висцеральды беттегі қысымнан (су бағ. 11 см) айтарлықтай жоғары.
Старлингтің транскапиллярлы алмасу заңына сәйкес, қысым сұйықтықтың паритетальды плеврадан плевра қуысына, соңынан висцеральды плевраға тұрақты ағымын қамтамасыз етеді.
Осындай ағым тездігі жоғары: сағатына 100 мл серозды сұйықтық бөлінеді, осыншама көлем реабсорбцияланады.
Іркілісті өзгерістерде плевра қуысында сұйықтық кіші және үлкен қан айналым шеңберлері тамырларында гидростатикалық қысым өскеннен пайда болады.
Бұл жағдайда да (қысымдар айырмасынан) париетальды плеврада плевральды сұйықтық секрециясы өседі, ал висцеральды плеврада резорбция тездігі төмендейді.
Бауыр циррозы мен нефротикалық синдромдағы гипоальбуминемияда қанның онкотикалық қысымы төмендегеннен плевра қуысына сұйықтық жиналуына әкеп соқтырады.
Қатерлі ісіктерде плевра қуысында сұйықтықтың пайда болуы қатерлі ісіктер зақымдауынан лимфа тамырлары бітеліп, париетальды плеврадан сұйықтықтар мен белоктардың кері ағымы төмендейді, лимфа түйіндерінің зақымдалуынан плевра беттерінің сұйықтықты резорбциялауы төмендейді.
Екінші себебі қатерлі ісік тініндегі патологиялық алмасу салдарынан дамитын жергілікті қабыну реакциясы және сұйықтық пен белокты плевра қуысына секрециясы өсуі («қатерлі ісіктер плевриттері»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет