Тақырып: Бронх өткізгіштігі бұзылу(бронхтардың бітелу) синдромы



бет10/29
Дата20.10.2023
өлшемі4,08 Mb.
#186963
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 1 САГАТ (копия)

жағының қалыңқылығы.

Пальпация: кеуденің зақымдалған жағының ауруы, ригидтілігі. Дауыс дірілі қатты
әлсіреген не анықталмайды, тарамайды.

Перкуссия: айқын тимпаникалық дыбыс, кейде металл дыбысы реңді дыбыс.

Аускультация: әлсіреген везикулярлы тыныс не тыныс естілмейді. Бронхофония қатты әлсіреген не анықталмайды
Компрессионды ателектаз синдромы
Бұл синдром өкпе тіні сыртынан сұйықтықпен (гидроторакс), не ауамен (пневмоторакс) сығылғанда пайда болады.

Патоморфология: өкпе тіні тығыздалған, бірақ ауа әлі бар, себебі бронхпен байланысы үзілмеген және өкпеге ауа енуі жалғасуда.

Шағымдары: ентігу, жөтел, кеуде ауруы.
Жалпы қарау: цианоз

Кеудені қарау: плевра қуысына сұйық не ауа жиналғаннан кеуденің «ауру» жағы шығыңқы, тахипное, «ауру» жақтың тыныстан қалыңқылығы.

Пальпация: кеуденің «ауру» жағының регидтілігі, дауыс дірілі аздап күшейген.

Перкуссия: тимпаникалық реңді тұйықталған дыбыс.
Аускультация: тыныс бронхиальды реңді әлсіреген везику-лярлы не бронхи-альды тыныс қалыптасуына жағдай пайда болды - өкпе тіні тығыздалды.
Тыныс жетіспеушілік синдромы
Тыныс жетіспеушілігі – қанның қалыпты газ құрамы қамтамасыз етілмейтін патологиялық жағдай не ол сыртқы тыныс механизмдері күшімен сақталады.
Негізгі механизмі – альвеолдар вентиляциясы, молекулярлы оттегі мен көмір қышқылы диффузиясы және капиллярлар арқылы қан перфузиясының бұзылуы.
Тыныс жетіспеушілік клиникасы:
Ентігу
Цианоз
Жүрек жетіспеушілігі (ісіктер)
Обструктивті тип – бронхтар түйілгеннен, тарылғаннан, ірі бронхтар не трахеяның қысылуынан бронх арқылы ауа ағымының қиындуы.
Рестриктивті тип – пневмосклероз, гидро-пневмоторакс, көлемді плевральды жабысқақ тіндер т.б. салдарынан өкпенің кеңуі мен қабысуының шектелуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет