Тыныс демікпесі (ТД) – дегеніміз тыныс жолдарының бронх гиперреактивтілігімен және бронхтардың толық не жартылай кері қайтымды бітелу пароксимдерімен сипатталатын созылмалы қабынуы. Клиникасы: - тұншығу ұстамасы және - ұстама тәрізді құрғақ жөтел және (не) - ысқырықты тыныс, - ентігумен сипатталатын дискомфортты жағдайлар
ТД-нің дамуы: - генетикалық бейімділікте; - аллергиялық ауруларға бейімділікте және - аллергияның өкпеден тыс белгілерінде: аллергиялық дерматит, ринит, Квинке ісігі...
- сыртқы (экзо) аллергендер: инфекциялық, инфекциялы емес: үй және өндіріс, өсімдіктер тозаңдары; тағамдар; механикалық және химиялық тітіркендіргіштер; метерологиялық жағдайлар, барометрлік қысым, магнит өрісі, стрессті әсерлер ... - ішкі (эндо) аллергендер: микробтар антигендері, микробтардың, тін белоктарының ыдырау метаболиттері және т.б
Бронхтың бітелу (обструктивті) синдромы Шағымдары: - Экспираторлы ентігу (дем шығару қиындаған, ұзарған), мезгіл-мезгіл тұншығу дәрежесіне жетеді (демікпе).
2. Қиын бөлінетін жабысқақ қақырықты жөтел (кейде “әйнек тәрізді”)
Жалпы қарау:
1. Тұншығу ұстамасы кезінде – мәжбүрлі қалып: қолдарымен тіреп төсекте отыру қалпы (тынысқа қосымша тыныс бұлшық еттерін қосу) не төсектегі ортопное қалпы,
2. Цианоз,
3. «Дабыл таяқшалары» (соңғы фалангалардың өзгеруі).
Кеудені қарау:
1. Брадипное, тыныс қимылдары көлемі азайған.
2. Кеуде эмфизематозды (бөшке тәрізді), инспираторлы қалыпта.
Пальпация: кеуде ригидті (резистентті) – серпімділігі төмендеген, дауыс дірілі әлсіреген.
Перкуссия: перкуторлы дыбыс қорап реңді, өкпенің жоғарғы шектері жоғары, төменгілері төмен ығысқан, өкпенің төменгі шектері экскурсиясы азайған.
Аускультация:
1. Әлсіреген везикулярлы тыныс, дем шығару ұзарған
2. Қатаң тыныс
Достарыңызбен бөлісу: |