Оң қарынша жоғары кедергіге қарсы жұмыс атқарып (кейде 3-5 есе) гипертрофияланады, уақытша сол жүрекше компенсациясына көмектеседі – компенсацияның 2-і фазасы
Егер сол А-В тесік көлемі 1 см2-ден кем болмаса, компенсация жылдап сақталады.
Әрі қарай оң қарынша әлсірейді, айтарлықтай кеңиді де соңынан оң қарыншалық декомпенсация дамиды
Жүрек ішілік гемодинамика жағдайы тарылу - стеноз дәрежесіне байланысты: венозды тесіктің қалыпты көлемі 5 см2 шамасында,
1 см2-ден кем болуы шегіне жеткен стенозға жатады (критический стеноз)
Алғашқыда ентігу физикалық жүктемеден, соңынан – тыныштық кезде
Көбіне түнгі мерзімде тұншығу, жөтел
Олар жатқанда күшейеді, отырғанда азаяды
Шағымдардың бәрі кіші қан шеңберінде өскен қан қысымы мен қан іркілісіне байланысты
Қан қысымы өсуі өкпе артериясы капиллярлары жыртылуына әкеп соқтырады
Сондықтан қанды қақырық пайда болады
Кешірек ісіктер, іш көлемі өсуі, үлкен қан шеңбері декомпенсацияның басқа белгілері қосылады
Қарау – пациентте физикалық даму кемдігі болуы мүмкін. Компенсация сатысында өзгеріс жоқ. Соңынан науқас түргеп отыруға мәжбүр, акроцианоз, ісіктер пайда болады.
Мүшелеп қарағанда: бетте цианозды қызыл шырайлылық – facies mitralis
Жүрек тұсының пульсациясы – жүрек соғысы (оң қарынша гипертрофиясынан)
Жүрек пальпациясы – жүрек ұшы тұсында «диастолалық мысық пырылы» симптомы
Пульс – толымы аз, кернеуі төмен – pulsus parvus et tardus, жыбырлы аритмия, пульс жетіспеушілігі тән
Попов-Савельев симптомы – сол білезік артериясының толымы (оң қолдағыдан) кем
Перкуссия – ЖСТ шегі жоғары және оңға қарай ығысқан, кейде солға – үлкейген оң қарыншаның механикалық ығыстыруынан
Жүректің анық тынығы кеңіген
Аускультация – жүрек ұшында 1-і тон күшейген (кейде шапалақты тон естіледі)
Өкпе артериясы үстінде 2-і тон акценті
Достарыңызбен бөлісу: |