Шудың қысқа не ұзақтау болуы қақпақша жетіспеушілігі деңгейіне сәйкес
Шу жүрек ұшынан сол жүрекше бағытына (жоғары) және сол қолтыққа (солға) тарайды
Өкпе артериясында 2-і тон акценті
Механизмі: кіші қан шеңберіндегі (өкпе артериясындағы) гипертония қақпақшаларды жабылу кезінде керілуін және тербелісін күшейтеді – акцент пайда болады
Рентгендік тексерудегі өзгерістер:
Сол жүрекше гипертрофиясы белгілері
Өкпе артериясы конусы шығыңқылығы
Сондықтан жүректің митральды пішіні (мықыны жазылады) қалыптасады
Сол қарынша гипертрофиясы
Өкпелерде – іркілістер көрінісі
ФКГ – аускультация деректеріне сәйкес: 1-і тонның әлсіреуі және систолалық шу
ЭхоКГ – қақпақша аппараты жағдайы, жүректің сол бөлігі гипертрофиясы, қуыстарының кеңуі, сол жүрекшеге қан регургитациясы және басқалары
ЭКГ – сол жүрекше гипертрофиясы (Р тісшесі жазылаған және кеңіген), сол қарыншада (QRSТ) гипертрофиялық өзгерістер бар
Сол атриовентрикулярлы тесік тарылуы (митральды стеноз)
Себептері – негізінен ревматикалық эндокардит
Қақпақша негізінде тыртықтану, гранулема пайда болғаннан, қақпақша жармалары өзара бітіскеннен А-В тесік тарылады
Сол А-В тесік тарылғаннан қанның сол қарыншаға өтуіне кедергі пайда болады
Сол жүрекше жиырылуы күшейді – гиперфункциясы қалыптасады, сондықтан
Сол жүрекше диастола аяғында қаннан толық босап, қанды сол қарыншаға айдайды, қалыпты жүрек ішілік гемодинамика сақталады – бұл ақаудың 1-і компенсациялық сатысы
Сол жүрекше стенозы өсе түсуі, сол жүрекшені одан әрі кеңітеді және гипертрофия деңгейін өсіреді
Сол жүрекшеде және оған құйылатын өкпе веналарында қысым айтарлықтай өседі
Өкпе артериясы артериолдары рефлекторлы түйілуі (Китаев рефлексі), кіші қан шеңберінде қысымды одан әрі көтереді
Кеңіген және гипертрофияланған сол жүрекше одан әрі қалыпты қан айналымын сақтай алмайды
Достарыңызбен бөлісу: |