Тақырып: Экология ғылымының тарихы және оның салалары. Экология ғылымының қысқаша даму тарихы. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы



бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі29,78 Kb.
#117250
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мөде батыр, Самиқ Е 9k1 практика2, 1519209185
Экология дегеніміз не?
Экология – ағзалардың арасында болатын ( даралар, түр, түраралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценозды )қарым – қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар ,табиғаттағы өзгерістерді,құбылыстарды,табиғи заңдылықтарды ,биосфера шегіндегі ауытқуларды адамның іс- әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы.
Экология ғылымының зерттеу нысаны – биологиялық және географиялық микро және макро экожүйелер (түр,популяция,биоценоз,экожүйелер ,т.б) мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы.
Экологияның негізгі зерттейтін мәселелері:

  • Ағзаның бір – бірімен қарым – қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;

  • Биоценоз,экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер;

  • Табиғат ресурстары,оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми – теориялық негіздері;

  • Адам,қоғам ,табиғат арасындағы гармониялық байланыстарды реттеу;

  • Биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру;

  • Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру;

  • Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін ,әдет – ғұрпын қалыптастыру;

  • Экологиялық қауіпсіздікті сақтау болып табылады.

Білімнің барлық салалары сияқты экология да бірқалыпты емес,бірақ үздіксіз дамыды. Бірінші эволюциялық ілімнің авторы – Ж.Б.Ламарк «сыртқы жағдайлардың әсері ағзалардың бейімделуі,және өсімдіктер мен жануарлардың эволюциясының негізгі себептерінің бірі», - деп есептеді.
Неміс жаратылыс зерттеушісі Э.Геккель өзінің «Ағзалардың жалпы морфологиясы» (1866) және «Әлемнің пайда болуының табиғи тарихы» (1868) еңбектерінде экологияны ағзалардың қоршаған ортамен ,тіршілік ету жағдайларымен қатынасын зерттейтін жалпы ғылым ретінде түсіндіреді.
ХХ ғасырдың басында экология жылдам дами бастады.Бұл кезеңдегі негізгі жетістіктер С.Форбстың,В.Шелфордтың, А.Тенслидің,В.Н.Сукачевтың еңбектерімен байланысты болды.
В.И.Вернадский тірі ағзалар мен олардың тіршілік қызметінің өнімдерінің геологиялық құбылыстардағы анықтаушы рөлін көрсетіп,биосфера туралы ілім және оның өмір сүруін, тұрақтылығын және даму заңдылықтарын тұжырымдады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет