Экология – организмдердің бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге болады. Жедел дамып келе жатқан және шекарасы көмескі. Экология салаларының қатарында адамның қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін әлеуметтік экологияны атап өткен жөн:
2) адамзат қоғамының табиғи ортамен әсерлесуін және өзара байланыстылығын зерттеу арқылы табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылым негіздерін жасайтын, сол арқылы табиғатты сақтап, адамның тіршілік ету ортасын оңтайландыруды көздейтін ғылыми пән. Әлеуметтік экологияның негізгі міндеті – адамзат қоғамының және оның жекелеген аймақтық топтарының табиғатпен әсерлесу заңдылықтарын зерттеу негізінде жаңа табиғи-мәдениеттендірілген ортаны жобалау;
4) адамдардың іс-әрекеттерін және сол іс әрекеттерді өзге адамдардың түсінуін, жеке тұлға немесе ұжым ретінде әлеуметтік-психология тұрғыдан баға беруін зерттеу.