Қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар
Ғаламдық проблемалар-әлемді тұтас қамтитын табиғи антропогендік құбылыстар.Бұл құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады.Қазіргі таңда халықаралық деңгейде мынандай ғаламдық проблемалар бар:ресурстар,азық-түлік,ашаршылық,энергетикалық демографиялық климаттық проблема,қауіпті ауруларды жою,әлемдік мұхит пен космосты игеру,қылмыс және терроризммен күрес,наркобизнеспен күрес.
Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы-глобалистика зерттейді.Ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады.Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет,әйтпесе оның дамуы апатқа өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады.
Ғаламдық экологиялық проблемалар-ғаламдық аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені.Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігін мынандай көріністері бар:табиғи экожүйенің бүлінуі,озон қабатының жұқаруы,атмосфераның,әлемдік мұхиттың ластануы,биологиялық әр алуандықтың азаюы.
Озон қабаты биосфераның жоғары шекарасы болып есептеледі.Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік нышаны білінбейді.Жер бетіндегі барлық ағзалардың тіршілігіне қауіпті.Күннің өте қысқы ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына байланысты озон қабатын, «қорғаныш қабаты»-деп атайды.Озон қабатының 50% бұзылуын ультракүлгін радиацияларды 10есеге көбейтеді.
Озонсфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға-тері-ісік ауруының көбеюіне,көз катарактасына әкеліп соғады.
1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі организмдер жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. 20 ғасырдың 60 – 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |