Тақырып: Экология ғылымының тарихы және оның салалары. Экология ғылымының қысқаша даму тарихы. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы


Экология ғылымы және оның міндеттері



бет3/5
Дата08.02.2022
өлшемі29,78 Kb.
#117250
1   2   3   4   5
Экология ғылымы және оның міндеттері
Экология- тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым- қатынасын тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын ағзалардың бір-бірімен өзара байланысын зерттейтін ғылым.
Экология ұғымын ғылымда алғаш рет неміс ғалымы Э. Гекель(1966ж) қолданды.
Экология пәнінің міндеті- популяция, биоценоз және оларда болып жатқан өзгерістерді зерттеп, қазіргі таңдағы планетаның индустрализация және урбанизация жағдайында экологиялық процестер заңдылықтарын ашып түсініп басқару
Ал басты мақсаты: - ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. «Адам- қоғам- табиғат» арасындағы қарым- қатынастарды үйлестіре отырып табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды негіздеу.
Экология ғылымының зерттеу объектісі жеке особьтар топтары- популяциялар түрлер, қауымдастықтар экожүйелер, яғни биологиялық микро және микрожүйелер.
Басқа ғылымдар сияқты экология ғылымының да өзіндік әр түрлі кешенді зерттеу әдістері бар.Негізгі теориялық әдістеріне сипаттама жасау, жүйелі түрде талдау жасау, тәжірибелер (далалық лабраториялық) әдістері болып табылады.
Эколог маман үшін ең маңыздысы далалық зерттеулер, яғни түрлер популяциялары мен олардың қауымдастықтарын табиғат жағдайында зерттеу. Өсімдіктер қауымдастығын зерттеуде олардың сандық және сапалық сипаттамасы жасалады. Барлық өсімдіктер топтарының систематикасы тіршілік формалары, ярустылығы, фонологиясы, түрлердің көптігі, биомассасы, тіршілік ортасының сипаты (рельеф, топырақ) жөнінде мәлімет таралынады. Жануарларға экологиялық зерттеулер жүргізгенде олардың қоректенуі, көбеюі, мінез- құлқы, популяцияның орналасу, миграциясы, ортаның абиотикалық жағдайлары (t-а, ылғалдылық, жарық) сондай- ақ қауымдастықтағы биотикалық байланыстарда ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет