11-ші лекция тақырыбы. Саяси әлеуметтану
Жоспары.
Саяси жүйе және әлеуметтік-саяси процесс ұғымдары. Саяси әлеуметтану.
Саяси өмірге қатысуға әлеуметтанулық талдау. Топтар және саяси процесс. Қысым топтары.
Саяси партиялар әлеуметтанулық зерттеудің объектісі ретінде. "Саяси мәдениет" түсінігі. Саяси өмірдің әлеуметтік механизмдері.
1. Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жылдарында Батыс әлеуметтануында басталды, яғни негізі қаланған кез-ден бастап бұгінгі кұнге дейін даму ұстіндегі жас ғылым саласы болып саналады. Соған қарамастан саясат әлеуметтануының өз алдына ұғымдары, заңдары, т.б. ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты. Осы айтылғаңдардың танымдық маңызы зор болғандықтан саясат алеуметтануының негізгі мәселелерін баяндаудың еш артықтығы жоқ шығар деп ойлаймыз. Ең бастысы оның объектісін анықтаған жөн. Әлеуметтік-саяси қатынастар - саясат әлеуметтануының объектісі. Бұл қатынастар таптар мен өзге де әлеуметтік топтар, этностар арасындағы, елдер - мемлекеттер, ұрпақтар, кәсіптік құрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды. Саясат әлеуметтануы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға, мәдениетке, қызмет-әрекетке, олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді. Қоғам өмірінің барлық саласындағы саяси қызмет пен саясатк,а талдау жасауға баса назар аударады.
Мұнда "саясат әлеуметтануы", "саяси қатынастар әлеуметтануы'/, "саясат ұғымы" ұғымдары кеңінен колданылады. Алайда, бұлардың ара жігі бұгінге дейін тұбегейлі анықталған жоқ. Мысалы, АҚШ-та "саясат алеуметтануы" ұғымы аз пайдаланылады. Онда көбінесе саясат ұғымы, саясаттану туралы жиі сөз болады. Батыс Еуропада, керісінше, "саясаттану" терминін сирек колданып, "саясат әлеуметтануы" ұғымына басымырақ маңыз береді.
Дегенмен, бұл екі ғылымның зерттеу объектілері бір болғанымен, қарастыратын мәселелері өзгеше. Зерттеу пәні тұрғысынан алғанда, сая-саттану негізінен саясат саласын, саясаттың бір түрін — "саяси сая-сатты", яғни мемлекеттік-әкімшілік билікті, оны жеңіп алу, ұстап тұру, қолдану аясына байланысты катынастарды қарастырады. Ал саясат әлеуметтануы саясатты қоғамның өзге дербес салаларымен, яғни экономика, әлеуметтік, саяси және рухани салаларымен байланыста зерттейді. Бұл ғылым саясатты әлеуметтік құрылымдарға және формалды емес әлеуметтік жүйелерге, қоғамдық пікір мен тәртіпке, әлеуметтік-саяси процестсрдің бүкіл кешеніне, нормалар мен қатынастарға талдау жасау болашағымен, тұлғалар мен шағын топтарды, олардың көптеген психологиялық және социомәдени сипаттамаларын зерттеу тұрғысынан қарастыралы.
Саясат әлеуметтануының пәніне - саясатпен тікелей байланысты қоғамның бүкіл саласы мен құрылымының өзара сабақтас заңдары, әлеуметтік-саяси қажеттіліктер, мұдделер, тұлғалардың кызметі, әлеуметтік топтар, этностар, олардың ұйымдары, қозғалыстары, ин-ституттары жатады. Ғылым пәнін анықтау үшін зерттелінетін заңдар мен категориялардын ерекшеліктерін айқындаудың да маңызы зор. Саясат әлеуметтануы бұгінгі өркениеттің ерекшеліктерін және оның қоғамдық жүйесінің көп түрлілігін ескере отырып, алеуметтік-саяси қатынастардың өмір сүруі мен дамуының жалпыдұниежұзілік, жалпыадамзаттық заңдарын зерттеуге тиіс. Осымен байланысты зандардың екі нұсқасын айтуға болады: әлеуметтік-саяси өмірдің өмір сүру заңдары. Бұған әлеуметтік-саяси өмірдің әрекет ету заңы, оны ұйымдастыру тәсілдері саяды. Өмір сүру заңдары әлеуметтік-саяси өмірдің әр түрлі элементтерінің, субъектілері мен объектілерінің байланыстарын, олардың өзара іс-қимылдарының мәнін ашады. Мысалы, биліктін ұш тармаққа бөліну заңы, әр түрлі саяси кұштердің келісімге келу заңы, ортақ мұдделерді жүзеге асыру заңы, т.б.
Даму заңы - бұл әлеуметтік-саяси өмірдің бір кұйден екінші кұйге ету заңы, сапалык өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси кұбылыстар байланыстарының себебін ашады, өзтерістердің бағытын, факторлары мен формаларын анықтайды. Мысалы, саяси революция, саяси күрес, қоғамдық-саяси қозғалыс, т.с.с.
Осы заңдарға сәйкес саяси әлеуметтанудың категориялары да қалыптасады. Олар екі топқа бөлінеді: 1 .Саяси өмірдің өмір сүру ка-тегориялары. Мысалы, саяси процесс, саяси қызмет. саяси мәдениет, билік жүйесі, партиялар, бейресми бірлестіктер, популизм. ереуілдер, т.с.с; 2. Даму категориялары. Мысалы, билік үшін күрес, реформа, жариялылық, көппікірлілік, саясаттандырылған тұлға және т.б. Саясат ұғымы саяси кұбылыстар мен процестерді толық, көрсетеді. Оған ең алдымен мемлекетке және онын барлық деңгейіндегі жалпы саяси билігіне қатысты таптар мен басқа да әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар жатады. Саясаттың маңызды саласына ұлттық қатынастарды мемлекеттік реттеу жатады. Бұл көптеген коғамдарда мемлекеттік құрылыстың сипатына және мемлекеттік басқару түрінің тандауға себепші болады. Саясат саласына халықаралык. саясаттың негізгі мазмұнын құрайтын мемлекетаралық қатынастарды реттеу де жатады. Аталмыш процестердің бәрі де жинақталып "саясат" ұғымынан көрініс табады.
Саясаттың ортақ мәселесі таптар, өзге де әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар, сондай-ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер арасындағы қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар нақты құбылыс ретінде саясаттың негізгі мазмұнын, оның өзегін кұрайды, соның төңірегінде коғамдағы жұріп жатқан сан алуан саяси процестердің элементтері топтасады, дамиды және бірін-бірі ауыстырады. Саясат ұғымы сол жағдайды (ситуацяны) бейнелейді, яғни саяси билікке қатысты әлеуметтік субъектілер арасындағы қатынастарды көрсетеді. Демек, саясат әлеуметтануы ең алдымен қоғамның нақты саяси өмірін зерттейтін саяси катынастар әлеуметтануы болып табылады. Саяси катынастар аркылы бүкіл саяси құбылыстардың байланыстары мен өзара әрекеттері қарастырады.
Саяси билікті жеңіп алу немесе оны жүзеге асыруда кез-келген алеуметтік субъекгілер саясаттың субъектісі бола алады, сол субъектілер ішінде өзара қатынастарға тұсетін таптар, саяси партиялар, жеке тулға-ларды бөліп айтуға болады. Өзара саяси қатынастарға тұскен ұлттар мен тұтас халықтар, сондай-ақ мемлекет саясаттың субъектілері бо-лып табылады.
Жоғарыда атап айтылғанындай, саясаттың негізгі мәселесі - саяси билік туралы мәселе. Соңғысы белгілі бір әлеуметтік кұштердің өз саяси еріктерін басқа әлеуметтік кұштерге және бүкіл қоғамға тану арқылы көрінеді. Мұны партиалык, элитаның, яғни шағын топты партия басшылары мен олардың төңірегіндегілердің, сондай-ақ жеке партия көсемдерінін өз еріктерін бүкіл партияға танытатынын жиі кездестіреміз. Бірақ саяси биліктің ең жоғарғысы мемлекеттік билік болып табылады. Бұл жағдайда мемлекеттік билікті қолына жинаған әлеуметтік кұштер өз еріктерін қалған қоғам мүшелеріне таңады, бұл істе мемлекеттік аппарат пен қоғамға ықпал ететін мемлекеттік тетіктерге, яғни идеологиядан бастап құқык пен әскерге сұйенеді. Мемлекеттік билік тетіктерін қолдана отырып, олар өздерінің экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани мұдделеріне катысты кең ауқымды мәселелерді шешеді. Қоғамда өз саяси билігін нығайта отырып, олар өздерінің әлеуметтік-экономикалық жагдайларын да нығайтады, өз жеке басының әл-ауқаты мен дамуы үшін жағдай жасайды. Билік үшін күрес, оны бөлу және оны нақты жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың, саяси билікке ие болған аппарат өкілдерінің, басқа да тұлғалардың саяси қызметінен көрініс табады. Олардың саяси кызметі сол қоғамда өмір сүріп отырған саяси құрылымдарды, азаматтық заңдар мен бостандықты, жалпы мемлекеттік құрылысты өзгертуге немесе нығайтуға бағытталған көптеген нақты саяси әрекеттерден тұрады. Бұл әрекеттер сол қоғамның басқа субъектілеріне олардың бағытына қарсылық білдіру немесе үшінші субъектілердің кері әрекеттерін бейтараптандыру, не тежеу мақсатында да колданылады. Кез-келген субъектінің саяси әрекеттерінде әрдайым сол әрекетті өзге субъектілердің қалай қабыл-дайтыны есепке алынады және бұл олардын саяси өзара іс-қимылдары ретінде көрінеді. Әрбір субъектісі көбіне кайсыбір адамдардың үлкен әлеуметтік топтары немесе кауымдастығы, кейде бүкіл халык, атынан өкілеттілік ете алады. Қалай дегенмен де, олардың саяси қызметі, әдетте, көпшілік бұқара халыктың мұддесін көздейтін болады. Саясат пен саяси қызмет саяси қатынастар мен процестерді қалыптастырады. Топтың, т.б. мұдделерін қорғайтын және жүзеге асыратын құрылымдарға негіз қалайды.
2. Саяси қатынастар, мұдделер, процестер мен институттар субъектілердің саяси қызметі олардың саяси қатынастары арқылы жүзеге асады. Бұл тәуелсіз объективтік сипатта болады. Жоғарыда айтылғандай, белгілі бір субъектілердің саяси қызметі жауап көзқарасты тудырады және бұл әрдайым олардың өзара әрекеттері шеңберінде көрінеді. Бұл өзара әрекеттер тұрақты кайталанып отырғандықтан тұрақты саяси қатынастар ретінде орнығады. Әлбетте, саяси катынастар саналы тұрде қалыптасады. Әрбір субъекті өзге субъектілермен саяси өзара әрекеттерге тұсіп, өздерінің саяси мұдделерін саналы тұрде жүзеге асыруға тырысады және сол үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдарды колданады. Бірақ, біріншіден, саяси мұдделер мен талаптар олардың санасы мен еркіне тәуелсіз тұрған объективтік әлеуметтік жағдайлармен дәйектелген; екіншіден, калыптасқан саяси қатынастар объективтік саяси нақтылық сәттері ретінде көрінеді және өз кезегінде олар адамдардың саяси қызметіне мейлінше ықпал жасайды, оның мазмұны мен бағытын айқындата себепші болады.
Таптар, басқа да әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси билік үшін күресінің немесе өзге де саяси қызметтерінің нәтижесінде қалыптасып, өздері осы қызметтің әлеуметтік формасы ретінде көрініп, сол қызметтің табысты болуының айғағы ретінде танылады. Әлбетте, саяси қатынастар тек саяси билікке деген қатынастармен шектеліп қалмайды, соңғысы олардың өзегін құраса да, олар коғамның саяси өмірінің бүкіл салаларына сәйкес құралады, сонымен қатар олар ұлттық және ұлтаралық проблемаларды шешумен, азаматтық кұкық пен бостандықты жүзеге асырумен байлаңысты да қалыптасады. Саяси қатынастар, сондай-ақ қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларындағы және рухани өміріндегі проблемаларға тікелей қатысты болады. Осыдан экономикалық саясат, әлеуметтік саясат немесе мемлекеттік саясат немесе қайсыбір саяси партиялардың рухани мәдениет саласындағы саясаты көрініс табады. Қоғамдық өмірдің барлық саласы бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне ықпал етеді.
Саяси қатынастарға қоғамның әлеуметтік-саяси уклады, сондай-ақ оның өміріндегі моральдық-психологиялық факторлар елеулі ықпал етеді.
Адамдар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси мұдделерінің тікелей ықпалымен қалыптасады. Алайда, қалыптасқан саяси қаты-настардың өздері субъектілердің әр түрлі саяси мұдделерін тудырады. Бұл мұдделердің мазмұнын коғамда нақтылы орын алып отырған саяси қарым-қатынастардың мазмұнын анықтайды. Сондықтан адамдардың саяси қарым-қатынастары олардың саяси мұдделері ретінде көрініс табады. Адамдардық, әсіресе барлық таптардың, ұлттардың, және саяси партиялардың саяси мұдделерінің өзара әрекетіне талдау жасаудың қажеттігі саяси қатынастар мазмұнынан туындайтын субъектілер саяси мұдделерінің мазмұнын түсінуге және жаңадан пайда болған саяси мұдделердің ықпалымен саяси қатынастардың өзіндегі өзгерістін бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл сол сәтте орын алып отырған саяси шындық негізінде қоғамның бүкіл саяси өмірінің өзгерісі мен даму бағытын пайымдауға комектеседі. Мұның басты буыны саяси қатынастар болып табылады. Сондықтан субъектілер саяси қатынастары мен саяси мұдделерінің өзара әрекеттестік проблемаларын зерттеу саяси қатынастар әлеуметтануының аса маңызды міндеттерінің қатарына жатады.
Адамдардын саяси мұдделері олардың өмірлік әрекеттері, әлеуметтік жағдайлары және өмір сүріп отырған ортадағы саяси қатынастар жүйесіндегі объективтік жағдайларымен анықталады. Субъектілердің саяси мұдделері олардың саяси қатынастарының объективтік көрінісі болып табылады, сондықтан аталған мұдделер де объективті болады. Олар өмір сүріп отырған саяси қатынастар жүйесінде таптардың. әлеуметтік топтардың, ұлттық қауымдастықтардың және өзге де субъектілердің жағдайларын нығайту үшін, әсіресе саяси билікке катыс-ты, сондай-ақ субъектілердің саяси құқықтары мен еркіндіктерін толық пайдалану үшін объективті тұрде пайдалы әрі тиімді.
Осылайша субьектінің қайсыбір саяси мұддесінің мазмұны, саяси тұрғыдағы пайдасын түсінуі сол субъекті санасының жемісі болып саналмайды, оның нақтылы саяси ақиқатқа объективті қатынасының сәті ретінде өмір сүреді. Саяси ақиқатты субъект саналы тұрде қабылдауы керек, оны, айталық, оған саяси тұрғыда ненің пайдалы, ненін пайдасыз екенін белгілі бір сәтке дейін түсінбеуі мүмкін. Сөйтіп, ол өзінің саяси мұддесіне объективті сәйкес келетінді немесе қарама-қайшы келетін құбылысты түсінбеуі мүмкін.
Саяси қатынастар әлеуметтануы өзінің алдына субъектілердің саяси мұдделерін айқындау мен зерттеу міндеттерін қояды, яғни олардың қайсыбір жағдайда саяси тұрғыда өзін-өзі анықтау үшін не нәрсе маңызды және пайдалы екенін қарастырады. Бұл орайда саяси қатынастар субъектілерінің өздерінің объективтік саяси мұдделерінің қаншалықты терендігін түсінуІ де және осы негізде олардың саяси істе саналы тұрде басшылыққа алатын саяси мұддесінің каншалықты екенін және олардың объективті қалыптасқан саяси мұдделеріне сай келуін анықтауда маңызды. Осыған орай аталған субъективтік мұдделіктің өзі шынайы болуы мүмкін, яғни бірдей саяси жағдайларға субъектілердің әрекеті не жалған, немесе, тіптен, мифологиялык (қияли) та болуы мүмкін. Бұгінде саяси мифтер бұқаралық санадағы кең тараған құбылыс. Бұл проб-лемалар теориялық және қолданбалы әлеуметтану деңгейінде зерттеледі, сондай-ақ нақты әлеуметтануға қатысты зерттеулердің барысында қарастырылады.
Қазіргі кезде субъектілердің шынайы саяси мұдделерін түсіну, сонымен қатар олардың өз саяси мұдделерін түсінуі біздің қоғамы-мыздың дамуында аса маңызды болып отыр. Еліміз экономикасының, әлеуметтік және рухани өмірі дамуының негізіне алынатын мәселелерді шешу демократия принциптерін дамытумен тікелей байланысты екені белгілі. Олай болса, нағыз халықтық билік ретіндегі демократияны нығайту — бүкіл қоғамның тұбегейлі саяси мұддесі. Оны қоғамның барлық мүшелері түсінуі тиіс. Бірақ ол көбінесе жалпылама тұрғысынан түсіндіріледі.
Іс жұзінде демократияны қандай саяси әрекеттер дамытатынын, олар қоғамның кандай жіктеріне көбірек қызмет ететінін, саяси әрекеттер басқа да әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың саяси мұдделеріне нұқсан келтіретінін анықтауға тырысқанда қиыншылықтар туындайды. Бұл проблемаларды шешуде демократияны дамытудың мәнісі зор. Алайда, бұлар көпшілік саяси және мемлекет қайраткерлерді қабылдай алмайтын аса қиын мәселелер болып табылады. Көбінесе мемлекет деңгейінде қоғам дамуы үшін қабылданған пайдалы шешімдер жүзеге асырылмайды немесе бұрын түсініксіз болған шешімдер, бұгінде кайсыбір әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың мұдделеріне қайшы келетіні белгілі болып отыр.
Басқа жағдайларда қоғамның әр түрлі әлеуметтік кұштер саяси мұдделерінің қайшылығы тиісінше саяси әрекеттерге қозғау салуы мүмкін. Мысалы, депутаттарды сайлау туралы қабылданған зандардың халық тарапынан қатаң сынға алынуын айтуға болады. Депутаттардың арасында жұмысшылар мен шаруалардың азайып, немесе болмауы, керісінше, интеллигенция өкілдері санының артқаны байқалады. Қазіргі қоғам дамуында интеллигенцияның рөлі жоғары және әрдайым артып келе жатқаны дау тудырмайды. Сонымен қатар, жоғары билік органдарының білікті кәсіби деңгейде жұмыс істеуі маңызды, демек, бұл орғандар жұмысының кәсіби деңгейінің өсуі интеллигенция екілдерінің, әсіресе заңгерлердің көмегіне байланысты болса, онда олардың оған катысуы қажетті нәрсе. Десек те, елдің жоғары заң шығарушы органдарында негізгі әлеуметтік топтардың ара-салмағы халықтың әлеуметтік құрамына сәйкес келуге тиіс. Қоғамның әлеуметтік топтары үшін олардың мұдделерін қорғайтын өз өкілдерінің елдің заң шығарушы органдарында болуы маңызды. Қазіргі кезде де бұл мәселе өзінің кокейтестілігін сақтап отыр. Бұл қоғамдағы барлық жіктердің, бүкіл әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың саяси және өзге де мұдделеріне қатысты болып отыр.
Мемлекеттік биліктің әлеуметтік табиғаты туралы мәселе кұн тәртібінен алынған жоқ. Қоғамның әрбір әлеуметтік тобы мемлекеттік билік органдарыңда өз өкілдерінің көптеп болуын көздеуге құқылы. Өзге әлеуметтік топтардың өкілдері басқаларды да түсініп, жанына жақын тарта алмайтындықтан, олар өздерінің тұбегейлі саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мұдделерін барынша қорғайтын өз өкілдерін ұсынады.
Саяси мұдделердің күрделі саласы ұлттық қатынастар болып та-былады. Олар, ең алдымен, көп ұлтты қоғамның мемлекеттік құрылысымен, тиімді мемлекеттік басқару формасын табумен, ұлттардың өзара экономикалық катынастары проблемаларымен, сондай-ак олардың мәдениетін, территориялық тұтастығын, т.б. дамыту проблемаларымен байланысты. Бұл мұдделерді ұлттардың өздері дұрыс түсінуі қажет және олар мемлекеттік деңгейде шешілуге тиіс.
Осыған келіп ұлтаралық қатынастардың маңызды принципі ретінде әр түрлі ұлттар мұдделерін жан-жақты ұйлестіру проблемасы туын-дайды. Бұгінде аталмыш проблема біздің қоғам дамуының негізгі мәселелерінің қатарына жатады. Бұл жерде кез-келген ұлттың астам-шылығына, ұлтшылдығына немесе ұлттық эгоизміне жол берілмеуі керек. Географиялык және тарихи жағдайларға байланысты көпшілік ұлттар бір-бірімен байланысқан, олар өздеріне қолайлы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың формаларын табуға тиіс. Бұлар олардың ортақ тұбегейлі мұдделері болып табылады, сондықтан олар ұлттың даму мұддесіне сай келеді. Этностардың саяси мұдделеріне мемлекеттік деңгейде сондай ынтымақтастыкты орнату жатады. Аталмыш мұдделерді түсіну қоғам өмірінің барлық саласында ұлтаралық қатынастардың нақты проблемаларын шешуге дұрыс негіз қалайды. Бұдан кейін де қандай саяси іс-қимылдар ұлтаралық ынтымақтастыққа оң ықпал ететінін, ал қандайлары оларға қайшы келетінін анықтау керек. Сонда ғана олардың біріншісін сеніммен жүзеге асыруға және мұмкіңдігі келгенше екіншісіне жол бермеуге болады.
БелгілІ бір әлеуметтік топтың саяси мұддесі саяси билік үшін кұ-реске немесе ұлтаралық қатынастар проблемаларын шешуге қатысты болса, әрине, әрдайым қиындықтар туындайды: бұл саяси мұдделер қаншалықты терең түсінілуіне және оларды жүзеге асырудың қанша-лықты дұрыс жолдары мен тәсілдерін таңдап алуға байланысты болады. Бұл адамдардың тұбегейлі саяси мұдделеріне жатады, бұларды жүзеге асыру олардың қоғамда саяси жағынан өзін-өзі айқындауын қамтамасыз етеді, бұған сонымен қатар олардың ағымдағы кұнделікті саяси мұдделері де жатады. Бұлар, айталық, азаматтық құқық пен еркіндік саласына қатысты жекелеген мәселелерді шешу мақсатында аса маңызды емес саяси әрекеттерге қатысуға бағытталған.
Тұптеп келгенде, осылар арқылы адамдардың тұбегейлі саяси мұд-делері мен ағымдағы мұдделерінің тікелей немесе жанама тұрде бай-ланысы көрініс табады. Өз кезегінде ағымдағы саяси мұдделер кұнделікті саяси құқық пен бостандықты жүзеге асыруға бағытталған, олар белгілі бір деңгейде тұбегейлі саяси мұдделерді де іске асырады.
Адамдар арасында жанама тұрде саяси қатынастар және белгілі бағыттар орныққан, сонымен қатар адамдардың саяси әрекеттері мен өзара әрекеттерінің жиынтығы кайсыбір саяси процестердің мазмұнын құрайды. Мұның соңғысына саяси билік үшін әр түрлі әлеуметтік кұштердің күресі, оның жүзеге асу процесі, сондай-ақ халықтардың ұлт тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі, қоғамды демократиялық жолмен жаңғырту жолындағы және т.б. күрес түрлері жатады.
Саяси процестердің объективтік және субъективтік жақтары бар. Олардың кез-келгені, тұптеп келгенде, өмір сүріп отырған қоғамдағы объективті экономикалық қатынастармен, әлеуметтік-саяси кұштердің арасалмағымен, оған қатысушылардың сол қоғамдағы саяси қатынастар жүйесінде алатын орындарымен және өзге де алғы шарттармен камтамасыз етіледі. Саяси әрекеттердін, өздері және адамдардың өзара әрекеттері олардың арасындағы саяси қатынастар сияқты, толығымен нақты және объективті саяси ақиқаттың сәті ретінде көрінеді. Әлеуметтік топтар мен жекелеген тұлғалардың саяси қажеттіліктері мен мұдделері оларды саяси әрекеттерге бастайтын, объективті мазмұнға ие болады. Олар субъектілер әрекеттерінің объективті кажеттігін көрсетеді, өйткені ол әрекеттер сол қоғам мен мемлекетте субъектілер ұстанымын нығайтуға бағытталған. Мұның бәрі саяси процестердің объективті жақтарын құрайды, яғни оған қатысушылардың санасына тәуелсіздердің бәрі енеді, оны қоғамнын, объективті жағдайдағы өмірі мен дамуы қамтамасыз етеді.
Саяси процестердің субъективтік жақтары дегеніміз — ең алдымен алдарына белгілі бір мақсаттар қоятын және оларды саналы тұрде жүзеге асыратын немесе іске асыруға тырысатын саяси процестерге катысушылардың саяси санасы және ерік-жігері. Әлбетте, олар қайсыбір саяси процестердің объективті даму жағдайларын анықтай алмайды, бірақ бұл жағдайларды пайымдай, түсіне де алады және оларды өз әрекет-қызметінде ескеретін де болады. Бұл оларға саяси процестердің барысына оңтайлы ықпал етуге, ол процестерді белгілі бір арнаға бағыттауға, тіптен саналы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Саяси процестердегі саяси және өзге де саналардың рөлі тұрақты тұрде артады. Бұл сананың өзі уақыт ағымына орай тереңдейді және толығады, сондай-ақ адамдардың саяси мінез-құлқына, мақсатты әрекетіне ықпал жасауға анағұрлым қабілетті болады, осылардың негізінде саяси процесс қалыптасады. Саяси сана саяси процестердің тұрақты дем берушісі болады, олардың динамикасы мен табандылығына әсер етеді. Сондықтан саяси процестердің объективтік және субъективті жақтарының маңызы мен рөлін, олардың өзара байланысын және динамикалық өзара әрекетін толығырақ ескеру қажет.
Саяси процестер әр түрлі сипатта болады. Олардың сипаты оған қатысушылардың объективтік саяси мұдделері мен саналы іске асыратын мақсаттарына тәуелді. Айталық, қоғамды саяси жаңғыртуда, қайсыбір әлеуметтік-саяси шындыққа бейімделуде, белгілі бір саяси кұштермен ынтымақтасу немесе олардың арасындағы қарсыластықта саяси күрес сипатына ие бола алады. Сонымен бірге саяси процестер сындарлы, жасампаз немесе олар қоғамның саяси құрылым жүйесін бұзып, қиратуға бағытталған болса, деструктивтік, қиратушы сипат алуы мүмкін. Осының бәрін жұріп жатқан саяси процестерге объективтік баға беру кезінде, олардың шынайы бағытын түсінуде ескеріп отыру керек.
Саяси процестер, әлбетте, белгілі бір саяси институттардың қызметі арқылы іске асады. Саяси институттар — қоғамның саяси құрылысы мен өмір сүруінің бірегей органдары. Олар көбіне-көп белгілі бір мекеме немесе мекемелер жүйесі ретінде көрінеді. Бұлардың көмегімен кайсыбір саяси кұштер өздерінің саяси мұдделерін жүзеге асырады. Бұл — қоғамның саяси құрылысының өмір сүру торабы. Оның міндеті — қоғамның саяси тұрақтылығын және дамуын камтамасыз ету.
Қоғамның саяси институттарынын, ең маңыздысына саяси билік, құқық және идеология институттарын жатқызуға болады. Олар өздерін мемлекеттік заң шығару және атқару билігі органдарының — парламент, ұкімет, жергілікті билік органдары, заң қорғау органдары, сонымен бірге саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе, баспасөз, радио және теледидар қызметінен көрінеді. Аталмыш саяси институттардың әрқайсысынын, бұгінгі саяси жүйенің қайсыбір буынының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған өзіндік арнаулы мақсаттық міндеттері бар.
Атқарылатын міндеттерге орай қайсыбір саяси институттың құры-лымы қалыптасады, оның өзара байланысты органдары мен бөлімдерінің тұтастығы пайда болады. Бұл саяси билік, құқық қорғау, идеология институттарына немесе қоғам мен мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытыңда қызмет аткаратын институт — әскерге қатысты айтылады.
Тұптеп келгенде, саяси институттар жүйесі қоғамның бүкіл саяси өмірінің бір қалыпты жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін құрылған, оның, негізінде қоғамдағы барлық әлеуметтік топ-тар мен ұлттық қауымдастықтардың саяси мұдделері жүзеге асады. Ол үшін саяси институгтардың икемді қызметі кажет, олардың коғамдағы барлық мүшелердің саяси мұдделерін ұйлестіруді қамтамасыз ететін әр түрлі саяси кұштердің арасындағы саяси проблемаларды түсіністік негізінде шешетін, керек болғаңда, бүкіл қоғамның тұбегейлі мұдделерін қорғауда табандылық пен батылдық көрсететін қабілеті болуы керек.
Егерде бұл іске асатын болса, демек, бұгінде бар саяси институттар коғамдағы саяси процестердің дамуын қамтамасыз етеді, белгілі бір деңгейде оны өздері ұйымдастырады да. Бұл қоғамның көпшілік мүшелерінің ұзақ мерзімді және кұнделікті саяси әрі басқа да мұдделеріне сай келеді. Егерде бұған қарама-қарсы жағдай болатын болса, онда ол коғамның саяси институттарының жетілдірілмегені және де қалыптасқан әлеуметтік шындыкқа сәйкес оның даму мәселелерін шешуге де қабілетсіз болғаны.
Соңғы жағдайда коғамдағы жұріп жатқан саяси процестер басқа-руға аз-маз көнетін, ал кейде басқаруға көнбейтін, стихиялық деңгейге жетеді, соңдықтан оның салдары қауіпті, турасын айтқанда, олар адамдардың көпшілік бөлігінің мұддесіне нұқсан келтіретін дес-труктивтік процеске айналады. Сондай-ақ мұндай саяси процестерден әр түрлі эгоистік немесе қоғамға жат элементтер қоғамның саяси институттарының қалыптасқан жағдайды өзгертуге қабілетсіздігін пай-даланып, саяси ұпай жинайды. Деструктивтік (яғни қиратқыш) саяси процестер саяси институттарды жоюға әкелуі мүмкін, жалпы қалып-тасқан мемлекеттік құрылымды күйретеді, сөйтіп қоғамның саяси-экономикалық және рухани өмірінде кайта қалпына келмейтін кера-ғарлық орнайды.
Жоғарыда айтылған жәйттар саяси процестердің дамуы мен саяси институттар қызметінің әлеуметтік тиімділігіне қатысты мәселелер саясат әлеуметтануы немесе саяси қатынастар әлеуметтануы назарынан тыс қалмауға тиіс екенін байқатады. Саяси ииституттар қызметінде объективтік және субъективтік алғышарттарды, олардың қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани саладағы өзара қатынастарын, сонымен қатар қайсыбір саяси институттардың даму болашағын зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы артып отыр.
Осы зерттеудін негізгі максаты — саяси институттар кызметінде әлеуметтік тиімділікті арттырудың жолдары мен әдістерін табуға саяды. Бұл көпшілік қоғам мүшелерінің аталған мақсатты жүзеге асыруға атсалысуынан, осы мұдделердің жан-жақты ұйлесім табуынан көрінеді.
Саяси институттар қоғамның саяси жүйесін және саяси сананы қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |