Тақырып: Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде


Аз балалы отбасы (бiр, екi балалы)



бет21/40
Дата29.12.2021
өлшемі173,31 Kb.
#106416
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
Байланысты:
Әлеуметтану лекция

Аз балалы отбасы (бiр, екi балалы). Социологтар мен политологтардың бақылауы бойынша екiншi баланың туылуы бiр балалы отбасыға қарағанда отбасының тұрақтылығын 3 есеге артады екен. Бұл отбасылардың әрбiр алтыншы, жетiншi жұбы ғана ажырасады.

  • Көп балалы отбасы-ұш баладан көп балалы отбасы. Бұл отбасыларда ажырасу сирек болады, болған жағдайда да ол ерiнiң кұнәсiнен болуы мұмкiн. Бұл жерде ананың еңбегi зор, сондықтан да қазiргi кезде әйелдердiң көпбалалы болуға ұмтылуы кем.

  • Толық емес отбасы. Мұндай отбасыда ата-ананың бiреуi ғана болады (көбiне жалғыз басты ана). Мұның себебi-ерлi-зайыптының бiреуiнiң қайтыс болуы, ажырасу немесе некесiз туылған бала, жалғыз басты әйелдiң бiреудiң баласын асырап алуы т.б. Мұндай типтегi отбасы әлеуметтiк сапасыз, тиiмсiз. Мұндай отбасыдағы балалар көп уақыттарын ұйден тыс өткiзедi, себебi аналары жұмыста болады. 50% заң бұзушылар осындай отбасылардан шыққандар.

  • Жеке, қарапайым отбасы. Мұндай отбасыны балалы, баласыз ерлi-зайыптылар құрайды. Олар ата-аналарынан, туыстарынан бөлек, өздерiнше өмiр сүредi. Сондықтан да олар өз өмiрлерiн қалай құрғылары келсе солай жасайды.

    Демографиялық саясат дегенiмiз - қоғамға қажеттi жете тұсiнiлген демографиялық iс - әрекеттi құруға бағытталған әлеуметтiк шаралар жүйесi. Демографиялық саясат тууды, барлық категориядағы жастарға қамқорлықты реттеу шаралар жүйесiн болжайды.

    Қазiргi кезде қоғамның әлеуметтiк институты сияқты отбасы дағдарысы да айқынырақ бола тұсуде, одан шығатын жол әзiр анық емес. Дағдарыс отбасы өз мiндетiн дұрыс жұргiзбегендiктен көрiнедi: ерлi-зайыптылық өмiрдi ұйымдастыру, бала туу мен тәрбиелеу, халықты ұдайы өсiрiп отыру, жұмыс кұшiн көбейту. Қазiргi демографиялық жағдай неке-отбасылық қатынастарының дамуының мақсатты бағдарламасын талап етедi. Мұндай бағдарлама жастардың отбасылық өмiрге дайындығын, отбасы беделiн, оның тұрғын ұй және экономикалық жағдайларын, әр тұрлi функциядағы адамдармен отбасыда, қоғамда оптимальдi ұйлесуiн қамтиды.

    Отбасыны құрып, қалыптасуы-оңай iс емес. Отбасы да басқа барлық қоршаған шындық сияқты объективтi және субъективтi қайшылықтарды жеңе отырып дамиды. Қайшылықтардың iшiнде мыналарды табуға болады: туудың азаюы және халық санының өсуiнiң төмендеуi, әйелдердiң ерлерге қарағанда санының өсуi, отбасының орташа санының кемiп, өлiмнiң көбеюi, еңбек өнiмдiлiгiнiң азаюы, отбасы қажетiнiң өсiп, оны қанағаттандыру мұмкiншiлiгiнiң азаюы т.б. отбасыға, некеге жеңiл мiнездiк пен қарау, абыройды ұмыту, арсыздық пен маскұнемдiк, тәртiпсiздiк пен азғындық, ажырасу т.б.

    Мынадай көтпеген жағдай болады. Үлкен қалалардағы халық санының өсуiн бала туудың төмендеуi баяулатып отыр. Мигранттарды жұмысқа қабылдамау ұшiн жасалған қатаң шешiмдердiң өзiн бұзып, жұмыс кұшi жетiспегендiктен оларды жұмысқа алуға мәжбұр боп отыр. Осы миграцияның әсерiнен үлкен қалалардағы туу ұрпақтардың орнын басатындай шамаға жетпейдi.

    Болашақта осы сияқтылардың салдарынан жаппай аз балалы отбасылар пайда болады. Әзiр оны ешкiм зерттеп жатырған жоқ.

    Осы заманғы отбасы адамдардың мұдделерiнiң қалыптасуын, саяси идеяларының пайда болатын ортасы боп табылады. Отбасыда және сол арқылы балада, жасөсiпiрiмде алғашқы әлеуметтiк қатынастар, бағалы бағыт-бағдарлар қалыптасады. Отбасының жақын адамдармен қатынастардың негiзiн, адамдардың еңбекке, қоғамдық – саяси iс-әрекетке бағытын қалыптастыратынын ұмытпау керек. Ересек адамдарды мәдени, адамгершiлiкке тәрбиелеу қиынырақ, себебi ата-аналары қалыптасып келе жатқан жас баланы тәрбиелеуде тиiмдi. Сондықтан да отбасыда мақсатты, белсендi тәрбие мен бiлiм аз болады, ата-аналар негiзгi уақыты мен кұш-жiгерiн материалдық жағын қамтамасыз етуге жiбередi. Социологтардың зерттеуi бойынша жұмыс iстейтiн әйел бала тәрбиесiне 16 мин. жексенбi кұндерi 30 мин. уақыт бөледi екен. Отбасыда баламен рухани қатынас жасау тек қана олардың мектептегi сабағын тексерумен, алған бағаларын бiлумен шектеледi.

    Отбасыдағы берiлетiн жағымсыз тәрбиенiң себептерi көп. Ол ең бiрiншiден экономикалық даму деңгейiнiң төмендiгi, ата-ана уақытының басым көп бөлiгiн кұн көрiс табуға жiбередi, мәдени өмiрдiң төмендiгi, қоғамның халықты құрғақ сөзбен алдауы, екi жақты мораль.

    ТМД елдерiнде әйелдер туралы мәселенi ерлермен бiрдей етiп шешедi: олар заң жұзiнде өндiрiсте, тұрмыста еркекпен тең құқылы. Ал, шындығына келсек әйелдер екi есе ауыртпалықпен өмiр сүредi - жұмыс iстейдi, отбасысына қарайды. Отбасының бала тәрбиесiн жақсарту мiндетiндегi маңызды бақыт - әйел мен еркек арасындағы отбасыдағы қатынасты жаңадан құру керек. Зерттеу мынаны көрсетедi: қалада тұратын әйелдiң қарапайым отбасыда баламен өтетiн уақыты аптасына 77 сағат, оның iшiнде ұйде-36 сағат. Басқаша айтқанда әйел-ананың орташа еңбек кұнi жексенбiнi қосқанда 11 сағат болады екен. Тұрмыстағы әйел мен еркектiң теңсiздiгi осы заманғы жас отбасылардың берiк болмауын арттырады.

    Жастарды отбасылық өмiрге дайындауда мектептiң ролi айрықша. Мектепте “Қоғам және адам” курсымен қосып “Отбасылық өмiрдiң этикасы мен психологиясы” деген курсты жұргiзсе болады. Бұл сабақты көбiне өз маманы емес тарихшы, әдебиетшiлер жұргiзедi. Сондықтан да жоғарғы сынып оқушыларымен өткiзген сабақ балабақшадағыдай боп көрiнедi. Жастарға ең керегi, маңыздысы отбасыны жоспарлау әдiсi мен техникасы жетiспейдi. Осы жетiспеушiлiктiң әсерiнен көптеген келеңсiз жәйттер-мезгiлсiз екi қабат болу, бала алдыру, қажетсiз балалардың дұниеге келуi пайда болады.

    Жасөспiрiмдер отбасыда ата-аналармен, өзiнен кiшiлермен жиi дау-жанжалға келiп қалады. Сондықтан да оларға ең маңызды бiлiм-ол отбасыдағы дау-жанжалды қалай шешу керектiгi. Жасөспiрiмдерге сенбеушiлiктiң әсерi-45% жасөспiрiм ата-аналарына мектепте отбасының этикасы мен психологиясы туралы оқитындықтарын айтпайды екен. Отбасыда мұндай нәрселер аз сөз болады.

    Мемлекеттiң отбасыны дамытудағы басты мiндетi мен функциясы: отбасыны қорғау, оның iсiне негiзсiз араласуды қорғайды.

    Қазiргi кезде отбасыны қорғау мемлекеттiк саясатқа енгiзiледi. Бұл жерде мынаны атап өту керек, жас отбасының еңбек потенциалын тиiмдi пайдалану мемлекеттiң әлеуметтiк саясатының қазiргi кезеңдегi маңызды жолы.

    Бiрiншiден, өсiп келе жатырған ұрпақ - мемлекеттiң жұмыс кұшiн толтыратын жалғыз көзi.

    Екiншiден, өндiрiс технологиясының өсуiмен, ғылым мен техника жаңалықтарын өмiрге ендiруде кұрделi мамандықтар мен мамандықты керек ететiн еңбек, терең бiлiмдi мамандар қажет болады. Жастар әлеуметтiк-психологиялық жас ерекшелiгiмен жаңа типтегi жұмысшыға керектi қасиеттерге ие болады.

    Ұшiншiден, отбасыны сақтаудың маңызды бағыты мемлекеттiк шарада бар. Мемлекеттiң демографиялық саясатында тууды ғана қамтамасыз ету емес, ана мен баланы қорғау, отбасы саулығын қорғау да қамтылған.

    Төртiншiден, демографиялық саясатының маңызды объектiсi жастар, оның iшiнде студенттер. Жастардың негiзгi әлеуметтiк мәселесi бiлiм алумен, еңбек жолын бастаумен, отбасы құрумен, мамандығын жетiлдiрумен сипатталады. Физиологиялық жетiлудiң сәйкес келмеуiндегi, ерте некенiң көбеюiндегi, рынок қатынастарындағы қиындықтарды жеңудегi т.б. мәселелердi тиiмдi шешудi талап етедi.

    Демографиялық саясаттың мақсаты отбасының осы сатыдағы қалыптасуында отбасыдағы баланың тууылуы, ата-ананың өмiрi пропорционалды ұйлесуi керек. Адамдардың денiнiң саулығы, белсендi өмiрдi ұлғайту мемлекеттiң демографиялық саясатының басты назарында болуы керек.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет