Тақырып Ғылыми іс әрекет Оқыту нәтижелері



бет5/6
Дата18.10.2023
өлшемі67,38 Kb.
#186301
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1. Лекция

Рефераттық жұмыс (латын сөзі referat-баяндама, refero-баяндаймын) - ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылым түрінде берілетін жұмыс. Реферат ғылыми-ақпараттық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады.
Қойылған мақсаты мен мазмұнына қарай рефераттарды төмендегідей типтерге бөлуге болады:

  1. Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.

  2. Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.

Баяндама – өзіндік жұмыс түрі, оқу және сабақтан тыс уақыттарда студенттердің зерттеу дағдыларын қалыптастыруына, танымдық қызығушылығын кеңейтуіне, пікір айтуда маңызы үлкен.
Берілген тақырып бойынша жоспар құрылады. Қажетті әдебиеттер іріктеледі. әдебиеттермен жұмыс жасауда алынған мәліметтерді жүйелеп, тұжырым жасалынады.
Курстық жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеттерін танытады, педагогикалық ойлауын дамытып, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастырады. Курстық жұмыстың мақсаты – студенттердің логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дағдысын, ғылыми-зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны тәжірибемен ұштастыра қолданып, қалыптастыру.

1. Сұрақтар мен тапсырмалар




1-тапсырма
Сұрақтарға жауап дайындаңыз:

  1. Ғылым ұғымын сипаттаңыз.

  2. Ғылымның үш құрамдас бөліміне сипаттама беріңіз.

  3. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесінің нысанасы не?

  4. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесінің пәні не?

  5. Ғылым дамуының механизмі не?

  6. Ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижесіне қойылатын талаптарды атаңыз.

  7. Қазіргі заманғы ғылымның ерекшеліктері қандай?

  8. Ғылыми шығармашылық деп ненін түсінеміз, оның ерекшеліктері?

  9. Ғылыми жұмыстың мақсаты қандай?

  10. Теориялық, аналитикалық және эмпирикалық ғылым деген ұғымдарға анқтама беріңіз.

  11. Курстық жұмыстың мәні?

  12. Дипломдық жұмыс дегеніміз не, оның құрылымы, мақсаты?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет