2. Ғылыми шығармашылық. Ғылыми шығармашылық – қоғамның материалдық және рухани өмірін жетілдіруде бұрын болмаған жаңа, соны заттар, шығармалар және т.б. өндіретін адамның танымға және шындықты түрлендіруге, дәлелдеуге бағытталған саналы, мақсатты белсенді іс-әрекеті. Шығармашылық тек адамға ғана тән. Ол өмірді мағынасын ұғады, жаңа шығармашылық жинақтау жасауды, жаңа идеялар көтерудегі зиялылық іс-әрекетті және оларды өмірге ендірудегі дене еңбегін біріктіреді. Әр түрлі іс-әрекеттің өзіне тән ерекшеліктеріне сай шығармашылық барысы да сан-салалы болады.
Мұғалім шығармашылығының оқушыларды дүниеге көзқарасын қалыптастырудағы және өмірге, еңбекке құлықтық-талғамдық қатынасын арттыру сияқты күрделі тәрбиелік міндеттерін шешуде ерекше мәні бар. Мұғалім шығармашылығының негізі теорияны терең білу, осы заманғы келелі мәселелердің мағынасын ұғу болып табылады. Ол оқу-тәрбие міндеттерін жоғары тиімділікпен шешілуінен ойлаудың томаға-тұйық еместігінінен, өз ойын сауатты баяндап беруінен, өзіне деген зор сенімнен көрінеді, осылайша оқушы бойындағы қоғамдық белсенділікті оятады.
Ғылыми-педагогикалық шығармашылық – педагогикалық ғылым мен тәжірибені дамытуға арналған жаңа құнды педагогикалық білімді табу және оны меңгеру.
Ғылыми ізденіс – ол зерттеу нысаны, оның көптеген ғылыми-педагогикалық мәтіндер мен құжаттардан алынған мәні, белгісі, айқындау қасиеттері мен түрі жөніндегі ғылыми ақпараттарды (заңдылығын белгілейтін мәліметтер, ғылыми фактілер және т.б.) мақсатты бағытта тарту
2. Іс-әрекеттің адам өмір сүруінің жалпыға бірдей тәсілі ретінде қарастырылуы баршамызға белгілі.
Іс-әрекет – қоршаған ортаға адамның қарым-қатынас тәсілі, адам шығармашылықпен табиғатты қайта өзгертеді, сол арқылы өзін-өзі іскер субьект ретінде көрсетіп, ал олардың меңгерілетін табиғат құбылыстарын өз қызметінің обьектісіне айналдыратын үдеріс. Әрбір әрекетке сәйкес келетін өзіндік жеке мақсаты немесе міндеттері бар ең кіші бірліктерінен тұрады. Оған мақсат, себеп, тәсілдер, шарттар және нәтиже кіреді:
Іс-әрекет –адамның айналадағы өмірмен белсенді қарым-қатынасқа түсуі. Оның барысында мұғалім нысанаға мақсатты түрде әсер етеді және өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын субьект ретінде танылады
Педагогика – дамып отыратын ғылым. Оның алдында тұрған көпетеген міндеттерді шешу үшін арнаулы зерттеулерді одан әрі жүргізе беру керек.
Педагогикалық зерттеулерге қойылатын талаптар: жаңа ғылыми жаңалықтардың өмірге келуі, оның өмірге қажеттілігі, оқу-тәрбие жұмысының сапасын көтеруге ықпалы; болашақтағы зерттеулерге негіз болу; болжамның тәжірибе жүзінде дәлелденбеуінің өзі де оның тиімді жолдарын іздестіруге мүмкіншілік береді.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу – педагогикалық жаңа білімдердің қалыптасу үдерісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективтік заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекет түрі. Мұғалімдердің ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесін меңгеруі педагогикалық үдеріс нәтижесі сапасының жоғары болуына ықпал ететіндігі айтыс тудырмайтыны анық.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижесіне қойылатын талаптар: қоғамдық мәнділігі; ғылыми жаңалығы; теориялық және тәжірибелік мәні; ғылыми анықтылығы; қорытынды және нұсқауларының өмірге қолдануға мүмкіндігі, түсініктілігі; мектеп өміріне тез енгізу мүмкіншілігі.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің тиімділігінің негізгі өлшемдері:
жаңа ғылыми нәтиже алу;
теориялық білімді жетілдіру;
оқу-тәрбие удерісін жетілдіруге ықпалы;
ғылым мен дамуға болжам жасау.
Зерттеу міндеттерінің орындалуы.
Тәжірибеде педагогикалық үрдістегі ақиқат пен дүниені тану мен ғылыми зерттеулердегі ақиқат арасындағы дүниені тануда шатастыру жиі кездеседі. Сондықтан ғылымдағы таным үрдісі мен оқушылардың (студенттердің) танымдық үрдісіндегі айырмашылықтары мен ұқсастықтарына жете көңіл бөлген жөн. Ол ғылыми-педагогикалық зерттеулердің пәнаралық тұтастығын қамтамасыз етуге ғылыми-зерттеушілік қызметтің сапасын жақсартуға, түпкілікті нәтижесіне бағдарлануына ықпал етеді.
Таным үрдісінің ұқсастықтары:
таным әдісінің құрылысы бірдей, нақты пайымдауға, абстрактілік ойлаудағы және тәжірибедегі өзара алмасуы көрсететін жалпы жолдары;
әдіснамалық негіздері бірдей;
таным-қоғамдық-тарихи категория.
Ғылымның танымдық әрекетінің өзіне тән ерекшеліктері бар:
таным үрдісінің ғылымдағы нысанасы белгісіз құбылыстар;
қандай да бір ғылыми жаңалықтың ашылуы;
ғалымның танымын эксперимент, ғылыми ойлау, сараптау, қателіктер, теориялық пікірлер құрайды;
тұлға аралық өзара әрекеттің көбіне көмегінсіз таниды;
ғалымдар жаңалықты алғаш таниды;
ұзақ ғылыми ізденісті қажет етеді.
Оқушылардың танымдық әрекетінің ерекшеліктері:
оқушылар (студенттер) бұрыннан белгіліні жаңалық деп қабылдайды;
оқушылардың таным үрдісі қалыпты жағынан үнемдірек;
таным үрдістері олардың жас мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылады;
таным үрдісі тек білім берушілік емес, тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады;
мұғалімнің бағыттауымен жүргізіледі;
оқушылардың (студенттердің) оқуды әрі қарай жалғастыруға және өз бетінше еңбек әрекетіне дайындалуына қажетті іскерлік пен дағдыларды игеруіне жол ашады;
білмеуден білуге қарай қадам басуы.
Демек, ғылым обьективті жаңаны, ал оқушы субьективті жаңаны таниды.
Басқа ғылым салаларына қарағанда, педагогикалық зерттеулердің қорытындысы, негізінен, мектептер мен жоғары оқу орындарына ғылыми-практикалық мәні бар ұсыныстар енгізгеніне байланысты бағаланады.
Жан-жақты ғылыми зерттелген материалдарды оқып білу арқылы мұғалім өзінің ұстаздық жұмысын шығармашылықпен ұштастыруға, шәкірттеріне сапалы да тиімді білім беру еді. Мектеп өмірінің күнделікті іс-тәжірибесіне ғылыми-педагогикалық тәуір зерттелімдерін неғұрлым молырақ пайдалана білу мұғалімнің кәсібилігінің көрінісі, оның бүгінгі күн талап деңгейінен көрінуі, өскелең өмір заңымен үлесе алуы деген сөз.
Ғылым инновациялық үрдістің бастапқы буыны болып келеді.
Қазіргі уақытта әлемдік стандарттар деңгейінде ғылыми зерттеулерді жүргізуге дайындалған, қазіргі әдістерді, ғылыми зерттеулердің менеджментін қолдана білетін, ғылымның өзекті сұрақтарын шешуге және жаңа технологияларды құруға қабілетті мамандарды талап етеді.
Қазіргі заманғы ғылымның ерекшеліктері
зерттеу бағдарламаларының кешенді қолданылуы;
әр түрлі ғылымдар принциптері мен әлемнің жеке ғылыми бейнелерінің өзара әрекеттесуі
Педагог тұлғасының қалыптасуы мен дамуындағы зерттеу іс-әрекетінің орны ерекше.
Болашақ педагогтардың ізденіс, зерттеу іс-әрекетіне қызығуын дамыту-студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі міндеті.
Педагог-зерттеушінің жетістікке жетуі өзінің жеке тұлғасына байланысты.
Ғылым үлкен еңбекті, жұмысқа қабілеттілікті қажет етеді. Ғылым – бұл үздіксіз ізденіс, ой-пікірлердің тоғысуы.
Педагогикалық зерттеу – бұл адамдармен жұмыс, жауапкершілік, адамдардың жан дүниесін түсіне білу, көмек көрсетуге ұмтыла алуы, шыдамдылық, ұстамдылық зерттеушіге қажетті компоненттер.
Зерттеуші өз кезегінде адамдардың назарында болады.
Қазір оқу үрдісін ұйымдастыру үстінде студенттердің өздігінен жұмыс істеуіне, өз мүмкіншілігіне сендіре білуіне, күнделік ғылыми-педагогикалық және саяси ақпараттың зор тасқынымен дұрыс бағдарлас болуына ерекше назар аударылуда.
Басқа ғылым салаларына қарағанда, педагогикалық зерттеулердің қорытынды, негізінен, мектептермен жоғары оқу орындарына ғылыми-практикалық мәні бар ұсыныстар енгізгеніне байланысты бағынады.
Бұған оқу-тәрбие тәжірибесінен алынған монографиялар, кітапшалар, оқу-әдістемелік және көрнекі құралдар, оқулықтар мен оларға қосымша құралдар, ғылыми баяндамалар, мақалалар, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік талдамалары жатады. Мұндай жан-жақты ғылыми зерттелген материалдарды оқып білу арқылы мұғалім өзінің ұстаздық жұмысын шығармашылықпен ұштастыруға, шәкірттеріне сапалы да тиімді білім беруіне әсерін тигізері хақ.