Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері



бет23/31
Дата26.01.2022
өлшемі144,83 Kb.
#129844
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
Та ырып Философия, оны п ні ж не функциялары. «Философия» п ні

Психикалық талдау философиясы. Оның негізінен З.Фрейд қалады. З.Фрейд –дәрігер, ми анотомиясын зерттеген, жүйке ауруларын бақылаған. Дәрігерлік практикасында адамның қояншығы ұстап қалуының табиғатын бақылап, оның себептерін білуге тырысқан. Адам санасында не боып жатады, неліктен адамның психикалық саулығы бұзылады, күйрейді. өзінің «Қояншық туралы зерттеу» деген еңбегінде осындай сұрақтарға жауап берген. Адам өмірі оңай емес, онда әртүрлі жағымды, жағымсыз жағдайлар болып тұрады. Кейде тіпті өте қиын жағдай болуы мүмкін. Бірақ адам өзін әруақытта қалыпты формада ұстауға тырысады, ішкі жан дүниесіндегі күйзелістерін сыртқа шығармауға күш салады. Жағымсыз түйсіктер бірте-бірте ұмытылады, бірақ олар қайда кетті. Олар адамның санасының алыс бір түпкірінде жинала береді, ал оны ұмытып та кетеді. Осы ұмытылған жағымсыз түйсіктер бір кезде бірден кенеттен сыртқа шығуы мүмкін. Сананың бір түпкірінде жинала беретін жағымсыз оқиғалар туралы түйсіктердің жиынтығын Э.Фрейд бейсаналық деп атады.

Адам санасының түпкірінде жинақталған психикалық тәжірибесін түсіндіруді және анықтауды Э.Фрейд психикалық талдау деп атады. Адамның өзі саналы түрде ығыстырған жағымсыз эмоциялары түсінде, кейбір байқаусызда шығып кететін сөздерінде көрініс беруі мүмкін. Э.Фрейд либидо ұғымын енгізіп, оған анықтама берді. Либидо дегенімз алғашқы іргелі сексуалды ұмтылыстың психикалық күші. Ол санамен бірге, адамның көптеген іс-әркеттерін басқарады. Адамда либидодан басқа да психикалық энергияның күшті түрлері кездесіп отырады. Психикалық талдауды Э.Фрейд адамдардың өзара қатынасын, бұқара психологиясын, мәдени факторларды зерттеуде кеңінен қолданды.



Герменевтика. Бұл бағыттың күре тамыры- тексті түсіндіру, игеру. Көрнекті өкілдері –Г.Гадамдер, П.Ришкер, Э.Бэтти. Герменевтика -әлемдегі адамның болмысын тіл мен ойлану арқылы игеру туралы философия. Оның негізгі идеялары:

· Әлемдегі адамның болмысы

· Әлем мен адамның өзара байланысы

· Адамның әлемге тасталуы, оның қорқынышы, күтуі, өзінің уақытша екендігін сезінуі

· Заттардың тылсым табиғаты, оның жасырын сырлары мен қасиеттері.

· Адам мен заттардың көкжиектері

· Түсіну, игеру адам мен заттар шекарасының өзара кірігуі немесе бірігуі

· Түсіндірудің тарихилығы

· Герменевтика мен поэтиканың бір-біріне жақындауы.

ХХ ғасыр ғылыми –техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми –техникалық прогресте көзқарастан байқауға болады. Біріншісі сциентизм деп атайды (лат. Schenic-ғылым). Екіншісі антисциентизм деп аталады. Неопозитивизм.Негізгі позитивизм –дұрыс пікір (лат. Positives) деп аталатын ұғым болып дүниеге келді, оның бастамасын салған Огюст Конт(1798-1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. ХІХғасырдың аяғы –ХХ ғасыр басында позитивизмнің жаңа дәірі туды. Ол кезеңде оны эмпириокрицитизм деп атады. Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар, бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы дегенін алдында айттық. Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда шындықтан әлдеқайда алшақ. Айталық, позитивизм философияны емес, нақты ғылымдарды зерттеу керек десе, эмпириокритицисизм біздің сезімімізден тыс ешнәрсе жоқ, барлық дүние біздің сезіміміздің нәтижесі деген қотынды жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет