Алғы философия б.д.д. 6 – ғасырлардан бастап XI- XII ғасырларға дейінгі кезеңді қамтиды. Қазақ философиясының мол үлгісі фольклорда жатыр. Қазақ философиясының дүние таным негізі, рухани қазынасы, байырғы ауыз әдебиеті, тұрмыс-салт жырлары, аңыз-ертегілер, батырлар жырлары, лироэпостық жырлар, тарихи жырлар болып табылады. Біздің бабаларымыз кезінде өмір құбылыстарын, табиғаттың сыр сипатын, жұмбағын болмыстық мәні мен мақсатын бейнелеп ой арқылы жеткізе білді. Қазақ халқының фольклорында табиғат, қоғам, өмір жайлы түсініктер өрістей келе, бүкіл халықтық ой- санаға айналған. Фольклорлық шығарманың тақырыбында табиғат, адам, төрт түлік мал, тәрбие, тарих, этнография, ою - өрнек, мәдениет араласып келіп отырады. Геродоттың баяндауы бойынша, Анахарсис скиф патшасы Иданфаристің әкесінің туған ағайыны. Ал, Иданфарис болса, Персия патшасы Даримен соғысқан скиф патшса, тарихта болған адам. Анахарсис жайында грек философтары Платон, Аристотель, Лукиан, Секст, Эмпирик, Диоген, Лаэртский, Плутархтың еңбектерінде сөз қаралған. Олардың жазуы бойынша Анахарсис император Солонмен дос болып, Фалес, Питтак, Периандр, Биант, Клеббул, Хилон сияқты гректің атақты данышпандарымен бірге жүріп, жеті данышпанның қатарына кірген. Диоген Лаэртскийдің айтуына сүйенсек, Анахарсистің 800 том өлеңі болғанға ұқсайды. Оның айтуы бойынша, Анахарсистің өнер тапқыштық қасиеті де болған, ол кеменің пікірін ойлап тапқан деген сөз бар. Ал Секст пен Эмпирик болса, Анахарсисті скептицизм бағытына жатқызады. Грекия елінде Анахарсиске қойылған ескерткіш бар. Онда «басқа және тілден» деген мағынада сөз жазылған Ұлттық мәдениетіміздің бастау бұлағының бір арнасы «Орхон Енисей» ескерткіштерінен (XII - XIII) ғасырдан басталады. Бұл топтамаға «Күлтегін » және «Тоныкөк» жырлары жатады. VII-VIII ғасырларда өмір сүрген бабаларымыздың жазба мәдениеті болған. Жазба мәдениетінің ірге –тасы – алфавит. Ал, төл алфавиті болу деген сөз, сол халықтың болмысты (дүниені) эстетикалық және математикалық тұрғыда игеруінің, тануының жоғарғы нәтижесі деп білеміз. Математикалық санасы жетілмеген халық алфавит құрастыруға дәрменсіз. Қорқыт ежелгі түркі тайпаларының IX-X ғасырда Сыр бойында ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, философы, жырауы, қобызшысы. Қоқыт шаман дінінің атасы болған.
№16 тақырып: IX-XV ғғ.қазақтың мусылмандық философиясы (Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Яссауи, М.Х.Дулати)
Жүсіп Баласағұн (XIғ.). Негізгі еңбегі «Құтадғу білік» («Құтты білік») 73 тараудан тұрады. Бұл еңбек елді білімге шақырады, адамгершілікке, қайырымдылыққа, сыпайылыққа, қонақты күтіп, қабылдауға үйретеді, әкімшілік орында отырғандарға елді қалай басқару керек, қайткенде оны соңына ерте алады, қайткенде ол халыққа жәйлі болады, сол мәселелер кеңінен және жан-жақты қозғалады. Махмұт Қашқари (XIғ) Жүсіп Баласағұнның замандасы, Қашқарияда дүниеге келгенмен, бүкіл саналы өмірін Қазақстан, Орта Азия жерлерінде өткізген. Негізгі еңбегі : «Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі тілдерінің жинағы) Ол кезінде түркі елдерін көп аралаған. Қожа Ахмет Иассауи (1094-1167)-ақын, дана ойшыл, сопылық бағыт ұстаған. Туған жері Сайрам, ал өмір сүрген жері- Ясса (қазіргі Түркістан) қаласы. Сол жерде дүние салған. Ислам дінін насихаттаушы. Мұхаммед пайғамбар жолынан ауытқып, байлыққа, басқа қызықтарға берілген бай, молда, ишан, бек, сұлтандарды сынаған. Пайғамбар жасына жеткен соң жер астынан үңгір қаздырып, қалған өмірін сонда өткізген. Ел оны «Әзірет Сұлтан» дейді. Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551)-қазақ топырағында дүниеге келіп, Кашмир өлкесін билеген атақты қолбасшы, мемлекет қайраткері, тарихшы, ойшыл. Оның «Тарих-и-Рашиди» кітабы қазақ хандығының қалыптасу кезеңін баяндайды. Асан Қайғы (XV ғ)-қазақ даласынан шыққан философ, ел қамын жеген данышпан-ақын. Алтын Орда құлағаннан кейін, халық аңызы бойынша, мемлекеттің ыдырағанын көріп, «халыққа ыңғайлы, уайым-қайғысы жоқ, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» «Жерұйықты» іздеп, желмаямен қазақ жерін аралайды.
Достарыңызбен бөлісу: |