Тақырып: Диалектика - даму теориясы.
Диалектика – болмысты, бүкіл әлемдік құбылыстарды – табиғатты, қоғамды және адамның ой-санасын өзгерісте, қозғалыста, дамуда және өзара байланысты қарастыратын философиялық ілім. Көне грек (антикалық) философиясында диалектиканың алғашқы стихиялық формасыдүниеге келіп, қалыптасты. Қозғалыстың түп табиғатын аңғаруға ұмтылу Элат мектебінің өкілдерінен – ақ (Парменид, Зенон) байқалған болатын. Диалектиканың екінші тарихи формасынеміс классикалық философиясында идеалистік негізде қалыптасты.Бұл ағымның аса көрнекті өкілдері Кант, Фихте, шеллинг, Гегель дүниеге деген метафизикалық көзқарасқа жалпы даму идеясын қарама-қарсы қойды. К.Маркс пен Ф. Энгельс диалектиканың тарихи үшінші формасын – материалистік диалектиканыөмірге келтірді. Диалектикаға қарама-қарсы даму концепциясы (тұғырнамасы) және ойлау тәсілі есебінде метафизиканың негізгі белгілері мыналар:біріншіден, метафизика тұрғысынан алғанда обьект бөлшектердің механикалық жай қосындысы ретінде қаралады. Екіншіден, обьекті сыңаржақты, бірбеткей қабылданады, оның бір қырлары әсіріленіп, енді бір жақтары елеусізденіп көрсетіледі. Үшіншіден, метафизика қозғалысы, дамуы қарапайым ғана үлкею немесе кішірею есебінде қарастырылады. Төртіншіден, метафизика “Дамудың қайнар көзі, себебі қандай?” деген сұраққа жауап бере алмай, оны заттан, құбылыстан тысқары жақтан іздейді, “бірінші қозғаушы құдіретті күшті” мойындауға мәжбүр болады. Догматизм– қоғамдық-саяси өмірді саралауда жиі ұшырасатын, құбылыстарды зерделеуде шығармащылық қабілет танытпайтын ойлау әдісі. Догматизм белгілі бір тұжырымдарды қатып-семіп қалған күйде, өзгеріссіз қабылдауға бейім. Қазақтың “айттым – болды, кестім - үзілді” дейтініне көбірек сәйкес келеді. Релятивизмдаму процесіндегі өзгермешілікті, тұрақсыздықты асыра бағалап, соған көп кқңіл бөледі. Софистикаболса даму үстіндегі обьектінің кездейсоқ бір жағын, белгілі бір қасиетін негіз етіп алады да, сол арқылы пікір түйіндегісі келеді. Ал эклектикаболса өзара іштей қабыспайтын, кейде тіпті бір-біріне қарама-қарсы тұрған көзқарастарды, идеяларды, принциптерді жай ғана механикалық түрде біріктіріп, дамудағы обьект туралы түйін жасайды. Түрлі құбылыстар мен процестерді танып білуде, нақты бағалауда мұның да аса зиянды екені түсінікті болса керек. Диалектикалық принциптері: 1) даму принципі. Оның мәні: дүниеде қозғалыстан, дамудан тысқары ештеңе де жоқ, ендеше обьектіні даму, қозғалыс үстінде қарастыру қажет, ол кеше қалай еді, бүгін қандай, ертең қандай болмақ, міне, осыны басшылыққа алған жөн; 2) жалпы байланыспринципі. Дүниеде байланыстан тысқары, оқшау тұрған ештеңе жоқ, ендеше обьектінің барлық жағын, барлық байланысын зерттеген дұрыс; 3) обьектіні практикаментығыз байланыста қарастыру керек, сонда ғана оның мәні, орны, қадір-қасиеті айқындалмақ; 4) нақтылықпринципі. Әр обьектінің өзіндік ерекшелігіне, өмір сүріп отырған жағдайына баса назар аудара отырып қана, ол туралы шынайы пікір қалыптастыруға болады. Заңдегеніміз – құбылыстардың арасындағы жалпы, қажетті, тұрақты, маңызды, қайталанып отыратын байланыс. Категориядегеніміз – болмыс пен ойлаудың ең жалпы түрлері, адамның дүние тану мен іс жүзінде өзгертуінің сатылары, ғылымның ең жалпы ұғымдары, адам ойлауының оның болмысына қатынасының сипаттамалары, ғылымның қалыптасуы мен дамуының жалпы шарттары. Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы. Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы диалектиканың негізгі өзегі болып табылады. Ол – табиғаттың, қоғамның, адам ойлауының жүйелі дамуының жалпылық, әмбебаптық үш заңының бірі, айқындаушысы. Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы даму процесінің ішкі қайнар көзін ашады, ескінің жойылып, жаңаның пайда болу себептерін көрсетеді. Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы. Егер қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы дамуының және өзіндік дамудың қайнар көзін, қозғаушы күшін ашып берсе, мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы даму процесінің ішкі және жалпы механизмін анықтап береді. Сонымен бірге екінші заңның табиғаты мен мәнін диалектикалық өзегі болып есептелетін бірінші заңның негізінде ғана анықтауға болады. Сапа, мөлшер және өлшем категориялары. Сапа дегеніміз – обьектіні анықтаушы, заттың, құбылыстың, процестің тұтастығын, өз-өзімен тепе-теңдігін білдіреді. Мөлшер– заттардың, құбылыстардың қасиеттерінің, құрамдас бөліктерінің санын, даму ауқымын, т.б. білдіреді. Сапа мен мөлшер – болмыстың жалпы, обьективті сипаттамасы. Өлшемдегеніміз – сапа мен мөлшердің диалектикалық бірлігі. Сөйтіп, Гегель философия тарихында алғаш рет сапалық және мөлшерлік өзгерістердің өзара диалектикалық ауысу заңыниридиалистік тұрғыдан тұжырымдап береді. Сапалық және мөлшерлік өзгерістердің ауысуы.Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы жаму процесінің жалпы ішкі механизмін ашады дедік. Өзіндік өлшемнің ауқымында сапа тұрақты, өзін-өзі сақтауға бейім болады. Мөлшерлік өзгеріс біртіндеп өлшемнің шегіне келгенде, яғни өлшемнің шегінен шыққан сәтте күрт өзгереді, жаңа сапаға ауысу басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |