Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері


Тақырып: Философиядағы адам мәселесі



бет28/31
Дата26.01.2022
өлшемі144,83 Kb.
#129844
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Та ырып Философия, оны п ні ж не функциялары. «Философия» п ні

Тақырып: Философиядағы адам мәселесі.


Философия тарихындағы адамның шығу тегі және оның мәні туралы идеялар. Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Философия пайда болғаннан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды, ал бүгігі күндері адам әрекетінің әр түрлі қырларын зерттеуді негізгі мақсат тұтатын өзге де ғылыми салалар пайда болады. Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілімқалыптастырады. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Оның түпкі тұжырымы ретінде «аспан» концепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен адам дамуын анықтайтын тек табиғат бөлігі ғана емес, жоғарғы рухани күшті де білдіреді. Демокрит-адам туралы ілімдегі материялисттік моноизмнің өкілі. Демокрит бойынша, адам табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Платон бойынша, адам өмірінің мәңгі трагизмі жанның тұтастығында және жан мен тәннің қарама-қарсылығында.

Аристотель концепциясында адам қоғамдық, мемлекеттік, саяси деп қарастырылады. Және адамның бұл әлеуметтік табиғатты оны жануарлардан да, «адамгершілік тұрғыда жетілмегендерден» де, «жоғарғы адамнан» да ерекшелендіреді. Ортағасырларда адам ең алдымен құдай бекіткен әлемдік тәртібінің бөлігі ретінде қарастырылады. Ортағасырлық христяндық философияның көрнекті өкілі Аврелий Августиннің пікірінше,адам- бір-біріне тәуелсіз жан мен тәннің қарама-қайшылығы.Алайда,тек жан ғана адамды адам ете алады. Ж.Ламетридің «Адам - машина» деп аталатын жұмысында механистік материализм көз қарасы негізделді.Ол бойынша,тек біртұтас материалдық субстанция ғана өмір сүреді,ал адам ағзасы сағат тетігі тәрізді дербес оталатын машина.Канттың пікірінше,адам бір жағынан табиғи қажеттілікке жатса,екінші жағынан адамгершілік еркіндік пен абсолюттік құндылықтарға жатады.Сезімдік әлемнің құраммдас бөлігі ретінде ол қажеттілікке бағынса,ал руханилықтың тасымалдаушысы ретінде ерікті.



Гегельдің антропологиялық концепциясы,оның бүкіл философиясы сияқты рационализммен тұнып тұр.Адамның жануардан артықшылығының өзі,ең алдымен адамзатқа оның аамдығы туралы хабар беретін ойлауында.Экзистенциализм,ең біріншіден,индивидулады адам өмір сүруінің шынайылығына мазасызданды.Ол еркіндікті табиғилықтан да,барлық тұлғасыз күштерден де іздейді.Алдынғы орынға сезім,бірақ жай ғана сезім емес,сезіну,аландау,мазасыздану үдерісі шығады.

Дара адам (индивив) – көптің бірі, жалпы адамзаттың нақты өкілі, дара. Көптің бірі болу үшін оған жалпы адамзатқа тиісті қасиеттер мен келбетке ие болса болғаны. Оның санасы жоғары ма, жоқ па, елмен сөйлесе ала ма, әлде сөйлесе алмай ма, бұлардың оған қажеті аз. Әлемде қанша миллиард адам бар, соның әрқайсысы – жеке-дара адам. Ерекшелікті адам (индивидуальность). Ол - өзіндік, тек соған тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет пішіні, түр-сипаты, азаматтық қасиеті, т.б. бар адам. Ерекшелікті адам – сол қасиеттермен қайталанбас феномен. Ол дүниеге бір-ақ рет келеді, әркімнің орны бөлек. Кісі, тұлға, жетілген кәмелетке жеткен адам. Жас нәресте де, бала да – адам. Олардың нақты ерекшеліктері бар. Бірақ олар кісі болған жоқ, кәмелетке жетпеген. Кісі деп ер жеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын адамды айтады. Ондай адамның дүниеге көзқарасы бар.

Кісі дегеніміз – жаңа сапалы, индивидтің өзімен бірге іштен тумаған, белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық және моральдық қасиеттер қосындыларының иесі, ақиқатты, болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субъектісі.

Әлеуметтану индивидке сырттан еріксіз танылатын жай емес, керісінше, оның белсенді араласумен, өзінің қимылы мен мінез-құлқын, қоғам талабына лайықтап, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыруы арқылы іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет