Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері


Тақырып: Әлеуметтік философия және қоғам болмысы



бет29/31
Дата26.01.2022
өлшемі144,83 Kb.
#129844
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Та ырып Философия, оны п ні ж не функциялары. «Философия» п ні

Тақырып: Әлеуметтік философия және қоғам болмысы.


Қоғамдағы философиялық тұрғыдан зерттейтін ғылымдар көп: саясаттану, әлеуметтану , мәдениеттану т.б. Солардың бірі-әлеуметтік философия. Бұл әлеуметтану (социология) емес. Әлеуметтану қоғамдағы топтардың пайда болып,дамуының ішкі заңдылықтарын, сол топтардың әрқайсысының ішкі ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтік философия, сондай-ақ ол тарих философиясы, таптардың өмір сүру тәсілдерін, алатын орнын, қарым-қатынастарын зерттейтін ілім, әрине, әрбір қоғамда еңбек ететіндер мен еңбек етпейтіндер, жұмыссыздар, үстем тап пен езілушілер, жастар мен кәрілер, ерлер мен әйелдер, оқушылар мен оқымайтындар, әскери адамдар мен мүгедектер, зейнеткерлер мен уақытша бас бостандығынан айырылғандар бар. Олардың тұрмыс жағдайлары әр қилы Оның өзіндік себептері мен проблемелаоы бар. Осыдан келіп, осыдан келіп әлеуметтік философия дүниеге келді. Бұл ілім тарих философиясына жақын, оның бір саласы болып кіреді. Әлеуметтік философияғажататын мәселелер: елдің тыныштығы,халықтардың бірлігі елдің экономикасы мен мәдениеттің дамуы, мемлекеттің егемендігінің мықты болуы, шекараның берік болуы. Одан соң, елдегі жұмыссыздықты азайту, еңбек ақысын уақытылы төлеу, зейнеткерлердің хал-жағдайы, елдің денсаулығының мықты болуы, емдеу жүйесіеің дұрыс жолға қойылуы. Тұрғын үй, пәтер мәселесін шешу, халықтың емделу, демалысқа шығуын қамдастыру, жастардың тегіс мектепке тартылуы, жетім балаларға қамқорлық .Осылардың барлығы әлеуметтік мәселелер.Одан соң, қоғамда байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықтың тереңдеуі Баюдың да түрлі жолдары бар, әркім өз еңбегі мен қабілеті арқылы байыса бір сәрі. Ал егер, халықтың ырзығын түрлі айламен қол сұғып, оны бойына сіңіріп, елді жұтатса ол екінші мәселе. Осылардың барлығы әлеуметтік мәселелер. Сондайлардың себебін ашу, әділетсіздікті болдыртпау, елде дұрыс қоғам орнату-бұл қашанда әлеуметтік философия проблемаларына жатады. Осылардың бәрін талдап, тексеріп, таразыға салғандай есептеп отырса-қоғам ұтамды. Сыбайластық жемқорлық тамырына балта шабылады. Бәрі заңға бағындырылуы қажет. Әлеуметтік философия жолға қойылған елде, заңсыздықтың беті ашылған жерде әділетті демократиялық қоғам орнайды. Әлеуметтік философияның басты мақсаттары осындай. Тарихты объективтік тұрғыдан түсінен өзінен бұрынғы алдыңғы қатарлы қоғамдық ойдың жай жалғасы емес, қоғамтану тарихындағы мүлдем сапалы кезең. Тарихқа объективтік көзқарастық қалыптасуы табиғатты да, қоғамды да қамтитын біртұтас ғылыми-философиялық дүние танымдық негіз болады. Қоғамды ғылыми тұрғыдан түсінудің басты өзгешелігі-ол алуан түрлі қоғамдық қатынастардың ,байланыстардың ішінен ең бастысын материалдық-өндірістік қатынастарды бөліп алады . Өндірістік қатынастердың шығуы, қалыптасуы адамдардың ой-санасына байланысты емес, қайта оларға тәуелсіз болады. Олар қоғамның идеологиялық рухани қатынастарын анықтаушы, белгілеуші, қоғам организмнің объективті, материалдық, экономикалық құрылымның негізі. Қоғамдық болмыс- адам өмірінің, оның іс-әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш-қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі. Қоғамда түрлі қатынастар бар. Олар негізінен алғанда материалдығ және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Қоғам, өмірге адам мен қоғамдық қатынастар туралы ой пікірлер, идеялер мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде-ақ қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болды, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде, қоғамдық құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеп, қарым-қатынастар заңдылықтеры бар ма деген және басқа да көптеген сұрақтар, ой-пікірлер мен идеялар туады. Қоғам дегеніміз – адамдардың алуан түрлі саналы іс–қимылы мен қызметінің негізінде қалыптасқан тарихи қауымдастығы. Адам қоғамда өмір сүріп, әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді. Сондай-ақ, қоғам да адамдардан құралады, адамдарсыз қоғам болмайды. Тарихты ғылыми тұрғыдан түсіндіру белгігі бір нақтылы объективтік жағдайлар талабына байланысты туындаған соның рухани нәтижесі еді. Ол қоғамның, философиясының, ғылымның жаңа практикалық талабына сәйкес келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет