Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері



бет27/31
Дата26.01.2022
өлшемі144,83 Kb.
#129844
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Та ырып Философия, оны п ні ж не функциялары. «Философия» п ні

Ақиқат теориясы. Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Сонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат-әлеуметтік процес; 2) обьективті ақиқатты мойындау – обсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика – ақиқаттың жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану – қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс. Ғылыми танымның әдістері мен түрлері. Ғылыми танымның барлық әдістерін шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2) жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласында пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеғберінде зерттеуге қолданылады. Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс – бақылаудеп аталады. Оның мәні – зерттеу обьектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жете қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент– ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан обьектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы.

Ғылыми таным процесінде анализ (талдау, саралау) және синтез (қиыстыру, біріктіру) әдістері үлкен рөл атқарады. Зерттелуге тиіс обьектіні ойша түрлі құрамдас бөліктер мен жақтарға қарастыруды, сол негізде оның түрлі қасиеттерін, ішкі байланыстарын анықтау әдісін анализдеп атайды. Бұл синтезәдісі арқылы іске асырылады. Анализ және синтез – адамның күнделікті практикалық іс-әрекеті негізінде дүниеге келген әдістер. Жекелеген тұжырымдар негізінде жалпы қорытынды жасауды индукцияәдісі деп атайды. Бұған кереғар әдісті, яғни нәтижеден кері қарай жүріп жеке-жеке тұжырымға келуін дедукциядейді. Сонда абстракциялаудегеніміз зерттеуге жататын заттың, обьектінің маңызды бір жағын, қырын ойша бөліп алып қарастыру. Ғылымға тән негізгі түсініктердің, категориялардың бәрі де осы абстракциялық ойлау әдісінің нәтижесінде қалыптасқанын айта кеткен жөн. Гипотеза– ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория. Әрине, кез келген болжам гипотеза бола алмайды. Бұл үшін, біріншіден, ол болжам ғылымның сол саласындағы осы уақытқа дейін белгілі ғылыми жетістіктерге қайшы келмей, керісінше, соларды әрі қарай өркендету керек; екіншіден, ол болжамның ықтималдығы тиянақталған болуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет