Иммануил Канттыңөмірі екі кезеңге: — сынға дейінгі кезең (1770) мен сын кезеңі деп бөлінеді. Сынға дейінгі И.Кант дүние өзінен-өзі табиғи пайда болды деген пікірге тоқтады. Онда ол өзінің "Аспанның жаппай табиғи тарихы мен теориясы" (1755) деген кітабында метафизиканың тұйық шеңберін бірінші болып бұзып, планеталардың алғаша газға ұқсас түмандардың қоюланып, қатаюынан, өздігінен, ешқандай сыртқы күштің әсерінсіз пайда болғанын шамалады. Бұл Н. Коперниктен кейінгі ғылымға қосылған үлкен үлес еді. "Сын" кезеңінде ол "Таза ақылға сын" (1781), "Практикалық ақылға сын" (1788) деген еңбектерін жазды. И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін "өзіндік зат" (вещь в себе) және "біздік зат" (вещь для нас) деп екіге бөлді. Ол дүниенің танымдылығын мойындамай, жоққа шығарды. Дүниені тануға болмайды деген агностиктік ұйғарымға келді. Ол — сонымен қатар субъективтік идеалист, дуалист. 1783 жылы И. Кант "Прологомендер" ("Кіріспе") деген еңбегін жазды. Онда ол өзінің философиядағы теориялық бастамаларын анықтады. Ол философиялық категориялар тәжірибеден тыс, оған дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды. Олардың 12 түрін атап көрсетті. Олар: бірлік, көптік, бүтіндік, нақтылық, терістеу, т.б. Дінге тек сену қажет, ол философиядаіы ғылым мен теория мәселесі емес деген қорытынды жасады. Мәселен, Құдайды барлық тәжірибе арқылы дөлелдей алмаймыз, оған тек илану керек. И. Кантгың ақылға сыятын бір пікірі — антиномия, былайша айткднда, санада қарсыластық бар дегені. Айтқанын нақтылай келіп, ол өрбір ойдың кері түрі бар деді. Мәселен, дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті. Екінші ой — олар қай жағынан алғанда да шексіз. Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814) - И. Канттың шәкірті. Оның басты еңбегі — "Әрқилы жаңалықты сынау тәжірибесі". Ол - субъективтік идеалист. Фихтенің пікірінше, нақты өмір сүретін — тек біздің санамыз. Материалдық дүние, болмыс, табиғат тек біздің санамызда, біздің сезімімізде, елесімізде, ұғымымызда болады. Оның пікірінше, практикалық істен сана бұрын басталады. Сана іштен туады. Фихтенің тағы бір пікірі - дөңгелектер туралы ілім. "Қандай да бір шындық болмасын, ол — "меннің" жемісі" дейді философ. Бірақ "меннің" екі түрі бар: жекелік "мен" және абсолюттік "мен". Бұл екеуі тығыз байланыста. Егер "мен-ді" "мен емес" бейнелейтін болса, онда субъект теориялық болады да, ал егер керісінше болса, онда ол практикалық болады. Ал 1800 жылдан кейін ол "мен еместі" "менге" біржолата бағындырады. Георг Вильгельм Фридрих Гегель— классиктік неміс философиясының көрнекті өкілі. Объективтік идеалист. Гегель өзінің "Барлық ақылға сыятын нәрсе — шындық, барлық шындық ақылға сыяды" деген қағидасын И. Фихтеден алып дамытты. Басты еңбектері: "Логика ғылымы", "Философиялық ғылымдар энциклопедиясы", "Құқық философиясы", "Философия тарихы туралы лекциялар", "Тарих философиясы туралы лекциялар", т.б. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика; б) табиғат философиясы; в) рух философиясы (феноменология). Гегель философиясының басты мөселесі — әлемдік рух, абсолюттік идеяыың бүкіл дүниені жаратқаны айтылады.Бұл пікірді Гегель "Логика ғылымы" деген еңбегінде жан-жақты баяндаған. Мұнда ол абсолюттік идеяны, дүниежүзілік рухты табиғат, қоғам пайда болғанға дейін әлі ештеңе емес, таза идея күйінде қарап, оның диалектиканың үш жалпылық зандары — санның сапаға көшуі, қарама-карсылықтың бірлігі және күресі, терістеуді терістеу негізінде, өздігінен қозғалып, дамуын идеалистік тұрғыда табиғаттьщ пайда болуына дейін алып қарастырады. Бұл еңбектің бірінші бөлімі — "болмыс", екінші белімі — "мән", үшіншісі "ұғым" деп аталады. "Логика ғылымы" еңбегінде Гегель ең алғашқы болып диалектиканың осы үш жалпылық заңын, жоғарыда айтылғандай, идеалистік тұрғыда зерттеп көрсетеді. Бүл завдарда Гегель берген көптеген философиялық дүрыс анықтамалар да бар. Біз оның, мәселен, мөлшер — сандық сапа немесе сапалық Сан деген, сондай-ақ, "карама-қарсылыққа", "қайшылыққа", "санға", "сапаға", "терісте-уге", т.б. берген анықтамаларын қолданамыз. Гегельдің пікірінше, дүниежүзілік тарих шығыс-тан батысқа ауысып келеді. Революция, Гегельше, субъективтік рухтың абсолюттік жаратушы рухтың жасаған шындығына наразылығы көрінеді. Соғысты Гегель адам қоғамьшың рухани іріп-шіруінен сақтап, қоғамды моральдық жағынан тазартатын құбылыс, әрекет деп түсіндірді. Бұл Гегельдің кешірілмейтін қателіктеріне жатады. Дегенмен, философияда оның орны ерекше. Людвиг Фейербах— классикалық неміс философиясының соңғы өкілі. Германиядағы жүз жылға созылған идеалистік, діни көзкарастың түндігін батыл сыпырып тастап, өзін ашықтан-ашық материалистпін деп жариялады. Оның басты еңбектері: "Христиандықтың мәні", "Болашақ философиясының негізгі қағидалары", т.б. Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғаттың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәледдеді. Ол рух пен дене арасының алшақтығын жойды. Фейербах болмысты — бастауыш, сананы баяндауыш деп карады.