Тақырып «Пайдалы әрекет коэффициенті. Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау»
Оқу мақсаттары
7.2.4.6 - көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау
Тапсырма Жұмысшы массасы 50 кг арбаны 80 см биіктікке 125 Н күш жұмсай отырып итеріп шығарды. Жазықтықтың ұзындығы 4 м.
а) пайдалы жұмысты анықтаңыз.
b) толық жұмысты анықтаңыз.
с) көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
пайдалы жұмысты анықтайды;
толық жұмысты анықтайды;
жазықтықтың ПӘК-ін анықтайды.
Тақырып «Жай механизмдер»
Оқу мақсаттары 7.2.4.1 - «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру
Тапсырма Өмірде қолданылатын қарапайым механизмдерге мысал келтіріңіз.
Суреттерді сипаттаңыз. Қай жағдайда аз күш жұмсалады, неліктен?
Дескриптор
Білім алушы
жай механизмдердің қолданылуына мысал келтіреді;
суреттерді салыстырып, күш аз жұмсалатын жағдайды анықтайды.