a) Вагонның барлық дөңгелектерінің рельстермен жанасу ауданы 0,001 м2. Егер осы вагонның массасы 30 т болатын болса, онда оның жерге түсіретін қысымы қандай?
b) Асфальт төсейтін каток жерге 400 кПа қысым түсіреді, каток тірегінің ауданы 0,1 м2. Катоктың салмағы неге тең?
Оқу мақсаттары 7.3.1.4 - газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру
Тапсырма 1
a) Екі бірдей жабық ыдыстағы газдың массалары бірдей. Осы ыдыстардың бірі жылы бөлмеде, екіншісі суық бөлмеде тұр. Ыдыстардың қайсысындағы газдың қысымы артық? Неліктен?
b) Суретте поршеньді цилиндрдің екі түрлі жағдайлары берілген. Екі жағдайдағы поршень астындағы газ қысымы бірдей ме? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
газ қысымының қандай шамаларға тәуелді екенін сипаттайды.