Оқу мақсаттары 7.2.2.6 Тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау
Тапсырма 1 және 2-суреттерде көрсетілген жағдайларды сипаттаңыз. Екі жағдайда пайда болатын үйкеліс түрлерін анықтап, нәтижесін салыстырыңыз.
Оқу мақсаттары 7.3.1.2 - қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау
Тапсырма Суреттегідей қойылған кірпіштер жерге бірдей қысым түсіреді ме?
Дескриптор
Білім алушы
-қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін түсіндіреді.
Тақырып «Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы»
Оқу мақсаттары 7.3.1.5 - сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану
Тапсырма 1
a ) Өлшемдері суретте көрсетілген аквариумның түбіне судың түсіретін қысымын және судың салмағын анықтаңыз. (су 103 кг/м3)
b ) Цилиндр тәрізді ыдысқа массасы бірдей сынап және су құйылды. Сұйықтардың екеуінің жалпы деңгейлерінің биіктігі h1 = 2 см, h2 = 27,2 см. Сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін жалпы қысымын анықтаңыз. (су 103 кг/м3, сын 13,6103 кг/м3)