Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (ҚР ҚК 112 б.)



бет33/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

8 Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (ҚР ҚК 112 б.)

Қорғанудың қол сұғушылықтың сипатына және қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне анық сәйкес келмеуі жағдайында, қол сұғушыға шамадан тыс, қалыптасқан жағдайға сай емес зиян келтіру қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған денсаулыққа ауыр зиян келтіру деп ҚР ҚК 112-бабымен сараланады. Қажетті қорғаныс шегінен шықпай денсаулыққа ауыр зиян келтіру құқыққа сай жүріс ретінде танылады және қылмыстық жауаптылықты пайда қылмайды. Заң мәтінің мәнісі бойынша, тек қорғаныстың және қол сұғушылықтың айқын сәйкессіздігінің барысында жәбірленушіге қажеттіліксіз қасақана ауыр зиян келтірген жағдайда қажетті қорғаныс шегінен кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру деп танылуы тиіс.
Қоғамдық қауіпті қол сұғушылықты жасаған адамның денсаулығы қылмыстың объектісі болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағы денсаулыққа ауыр зиян келтірген іс-әрекетпен және орын алған қоғамдық қауіпті салдар мен іс-әрекеттің арасындағы себепті байланыспен сипатталады. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің белгілерін біз ҚК 106-бабында қарастырылған қылмыс құрамын талдау барысында қарастырған болатынбыз. Кінәлі адамның қорғаныс әрекеттері жәбірленушінің тарапынан болған қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтың жасалуы сәтінде (бұл ретте шабуылдың нақты қауіпі қол сұғушылық аяқталғаннан кейін де төніп тұрған, қорғанушы қол сұғушылықтың аяқталған сәтін білмеген жағдайды есептемегенде) орын алуы тиіс. Қолданыстағы қылмыстық заңнама бойынша қол сұғушының денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама қасқаналық нысанымен сипатталады. Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтіру қылмыстық жауптылықты туындатпайды.
Берілген қылмыстың мотивтері мен мақсаттары криминалдық сипатқа ие болмайды. Құқықпен қорғалатын мүдделерді қорғау қылмыстың мотиві ретінде қарастырылса, мақсаты қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қорғану болып табылады. Осыған орай ҚК қарастырылып отырған бабының санкциясы жазаның қатал емес түрін қарастырады.
ҚК 112-бабының 2-бөлігінде абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық бекітілген.
Абайсызда жәбірленушінің қаза табуына алып келген, қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтірудің барысында, іс-әрекет қасақаналықпен жасалды, ал орын алған салдарға – жәбірленушінің қаза табуына қатысты алғанда абайсыздық нысанындағы кінә анықталуы тиіс. ҚК 22-бабы бойынша осындай қылмыс қасақаналықпен жасалған деп танылады.
16-жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам қылмыстың субъектісі ретінде танылады.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет