Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған қарақшылық



бет73/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған қарақшылық
Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың өзгедей нысандарының арасында қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған қарашылық тек қылмыстың аталған түріне ғана тән болатын саралаушы белгі болып табылады.
Қару дегеніміз бұл - өзінің құрылысы бойынша тірі немесе өзгедей нысаналарды ату мақсатында немесе дабыл беруга арналған құрылғылардың жалпы атауы болып табылады. Осы көрсетілген құрылғылар мен нәрселердің көп санды әрқилылығына қарамастан, олардың барлығы да оларды басқа заттардан, соның ішінде қару ретінде пайдаланатын заттардан да айырмашылықтарға ие өзіндік ұқсас белгілерге ие.
Қарудың тарихи қалыптасқан тағайыны қорғаныс барысында да, шабуылдың кезінде де тірі нысаналарды немесе өзге де объектілерді құрту болып табылады. Қарудың көптеген тарихи түрлерін (найза, айбалта, қылыштар) тек мұражайлардан ғана кездестіруге болатын болса, олардың қазіргі заманғы түрлері тек олардың ату жылдамдығы мен қирату күші бойынша ғана айырмашылықтарға ие, ал функционалдық жағынан, яғни атқаратын қызметі бойынша айырмашылықтарға ие болмайды.
Нақ осы себепті қару қолданумен жасалған қарашылықтың құрамы контексінде өндірістік, шаруашылық не өзгедей (белгілі бір нысаналарды құртуды көздемейтін) мақсаттардағы құрылғыларды қару ретінде бағалауға болмайды.
Сонымен бірге балта, шаруашылыққа арналған пышақтар (етікші, асхана, шаппа пышақтары), біз, бұрандалар, балғалар, орақ, шалғы, сүймен сияқты заттар тіптен де қару қатарына жатқызыла алмайды, сондай-ақ жарылғыш заттар мен құрамалары жоқ пиротехникалық және жарық беруші нәрселерді де қару деп бағалауға болмайды.
Осы тұрғыдан алғанда, дабыл беруге арналған қарулар екі ұдай мәніске ие болады олар өздерінің тағайыны бойынша жарықтық, түтіндеткіш немесе дыбыстық дабылдар беруге арналған. Тірі немесе өзгедей нысаналарды құртуға арналған құрылғылармен өзінің құрылысы бойынша ұқсастықтарға ие болғанымен олар өздерінің тек дабыл беруге арналғандығынан олар қару ретінде танылмай келген болатын.
Қаруға атылатын және суық қарулар жатады. Атылатын қаруға тапанша, автомат, винтовка, гранат, мина және басқа жарылатын заттар жатады. Аңшы мылтығы, газ пистолеті және баллондары қаруға жатпағанымен, бірақ қарақшылық істеуде қару ретінде пайдаланылғанда осы қылмыстың ауырлатылған құрамын құрайды.
Қару ретінде пайдаланылатын заттарға жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын, соның көмегімен олардың өмірін жоятын, оларға дене жарақатын келтіретін кез келген заттар жатады. Мысалы, балта, тас, балға, отвертка, сүймен темір, шоқпар, пышақ, ұстара және т.б. Осы заттардың алдын ала қарашылық қылмысын істеуге бейімделуі немесе қылмыс болған жерде кездейсоқ табылып, кінәлінің пайдалануы қылмысты саралауға ешқандай ықпал етпейді. Ең бастысы осы көрсетілген заттар қарақшылықта жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп келтіретін қару ретінде қолданылуы керек.
Қаруды немесе басқа заттарды қолдану деп кінәлінің осы адамның денсаулығына зиян келтіру үшін шын мәнініде пайдалануы немесе шабуыл барысында оны дереу қолданбақшы болып қорқытатын әрекеттерді істеуі болып табылады.
Іске жарамсыз қарумен немесе қарудың макеті арқылы жәбірленушіге оның өмірі мен денсаулығына қауіпті дене жарақатын салу ниетінсіз қорқыту қару қолданған қарақшылық деп саналмайды. Бірақ та, жәбірленуші мұндай әрекетті өз өмірі мен денсаулығына нақты қауіп тудырды деп санағандықтан, мұндай шабуыл Қылмыстық кодекстің 192-бабының 1-бөлігі бойынша сараланады.
Қарақшылықта қару қолданып шабуыл жасаған адам заң бойынша белгіленген тәртіппен қаруды алып жүруге тиісті рұқсаты жоқ болса онда оның әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша Қылмыстық кодекстің 192 және 287-баптарымен саралануға жатады.
Денсаулыққа ауыр әсер келтірумен ұштасқан қарақшылық деп, меншік иесіне меншіктің өзге де иеленушісіне немесе басқа адамдарға мүлікке байланысты олардың қарсылығын жою мақсатымен Қылмыстық кодекстің 3-бабының 11-тармағында тізілген жарақаттардың бірін келтіруін айтамыз. Мұндай ретте кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 192-бабымен тікелей сараланады. 106-баппен қосымша саралау талап етілмейді.
Егер қарақшылық шабуыл жасау нәтижесінде адамның өміріне қасақана қол сұғатын болса, онда кінәлінің іс-әрекеті қарақшылық құрамы шегінен шығып кетеді. Мұндай ретте жәбірленушіге қаза келтіру қосымша саралауды қажет етеді. Қарақшылықпен шабуыл жасау кезінде адам өлтіру орын алса, онда кінәлінің әрекеті қарақшылық құрамымен қоса пайдакүнемдікпен адам өлтіру (99-баптың 2-бөлігінің «8» тармағы) құрамымен қосымша сараланады. Егер кінәлінің ниеті жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірумен ғана шектеліп, оның адам өлтіруге деген ниеті анықталмаса, бірақ денсаулыққа осындай ауыр зиян келтіруден абайсызда жәбірленушінің өлімі орын алған жағдайда онда оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 192-бабының 3-бөлігінің «1» тармағы бойынша саралануы тиіс.
Қарақшылықты қорқытып алушылық құрамынан ажыратып білу керек. Қарақшылық жасағанда қылмыстың заты болып тек мүлік, ал қорқытып алушылықта – мүлік, мүлікке құқық, мүліктік сипаттағы басқа да әрекеттер жатады. Қарақшылықта күш қолдану немесе қолданамын деп қорқыту орын алады, ал қорқытып алушылықтың негізгі құралы қорқыту арқылы жүзеге асырылады, күш қолдану қорқытып алушылықтың ауырлататын құрамына ғана жатады. Қарақшылықтағы қорқыту тек күш қолданамын деп қорқытумен шектеледі, ал қорқытып алушылықтағы қорқытудың шеңбері одан әлдеқайда кеңірек (масқаралайтын мәліметтерді таратумен, мүлікті жою немесе бүлдірумен қорқыту сияқты әрекеттер).
Қарақшылықта мүлікті беруді талап ету шабуыл жасаған уақытпен сайма-сай келеді, ал қорқытып алушылықта мүлікті болашақта беруді талап етеді, қарақшылықта күш қолдану өмірге және денсаулыққа қауіпті болады, ал қорқытып алушылықта – кінәлі адам кез келген күш қолдануды, оның ішінде қауіпсізін де қолдануға ырқы бар. Қарақшылық шабуыл жасаған уақыттан бастап аяқталған деп саналады, ал қорқытып алушылық бөтен мүлікті немесе мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттерді жасауды талап еткен кезде аяқталған деп саналады. Қапрақшылықты бандитизмнен (268-бап) мынадай белгілер бойынша ажыратылады.
Қарақшылықтың тікелей объектісі болып меншік қатынастары саналса, бандитизмнің тікелей объектісіне қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қатынастар жатады.
Қарақшылық жеке орындаушылар немесе адамдар тобы арқылы жасалуы мүмкін, банда құрамының міндетті белгісі ұйымдасқан топ болады. Қарақшылық құрамындағы адамдар тобы қылмыстың ауырлататын түрі болып саналады, ал бандитизмде ұйымдасқан және тұрақты топ қылмыс құрамының негізгі белгісі болып табылады. Қарақшылық қару қолданып немесе қарусыз жүзеге асырылуы мүмкін, ал бандитизмнің міндетті белгісі – топтың мүшесінің ең болмағанда біреуінің қарулануы болып табылады. Бандитизм құқрамындағы қаруға адамды немесе басқа нәрселерді жарақаттауға бейімделген заттар жатса, қарақшылықтағы қару қолдану деп заңда көрсетілген қару түрлерімен қоса қару ретінде пайдаланылатын басқа заттарды айтамыз. Қарақшылық құрылысы жағынан формальдық құрамға жатады. Сондықтан да ол шабуыл жасау сәтінде аяқталған деп саналады. Бандитизм – келте қылмыс құрамына жатады, ол банданы ұйымдастыру сәтінде аяқталған қылмыс құрамы деп танылады. Бұл қылмыс құрамдары мақсатына байланысты да ажыратылады. Қарақшылық тек пайдакүнемдік мақсатта жасалады, ал банда азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында пайдакүнемдік немесе басқадай мақсаттармен жасалады. Қарақшылықтың субъектісі 14-ке толған, ал бандитизмнің субъектісі 16-ға толған адам болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет