Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар



бет69/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Тонау (ҚК 191 б.).
Тонау, қарақшылық және қорқытып алушылық – күш қолдану арқылы жүзеге асырылатын меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар болып табылады.
Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру. Аталған қылмыс түрінің жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштастырлатындығын ескере отырып, қылмыстық құқық оның факультативтік объектісі ретінде тонаудан жапа шеккен азаматтың денесіне қол сұғылмаушылықты да таниды. Бұл іс әрекет бөтеннің мүлкін ашық, яғни айқын және қоршаған әлеуметтік ортаға белгілі түрде, сондықтан да мүлікті бөтеннің иеленуінен алудың кәнігі тәсілі болғандықтан ол өзінің сыртқы көрінісінің нысанымен ғана емес, оны жасаған тұлғаның және іс әрекеттің қоғамға қарсылығының сапалық сипатымен де ерекшеленеді. Қоғамда қалыптасқан меншік қатынастарын тонаушының ашықтан ашық, дөрекі түрде, бұзуы және соның барысында жеке адамға күш қолдану мен психикалық қысым жасауы заң талаптарын өзгелердің көзінше менсінбеуі, қылмыстың қоғамдық қауіпті салдары ретінде бағаланады.
Тонаудың негізгі объективтік белгісі болып тонаушының меншік иесіне немесе басқа адамдарға, қылмыстың куәлеріне барынша ашық, айқын түрде меншікті заңға қайшы иеленудің тәсілінің қолданылуы табылады. Сонымен бірге жәбірленушінің, мүлік қорғауында немесе иелігінде тұрған адамның көзінше немесе бөгде адамдардың қатысуының барысында тонауды жүзеге асыратын адам олардың оның іс әрекеттерінің мәнісін түсінетіндігін сезінгенімен, оны есепке алмай меншікке пайдакүнемдік қол сұғушылық жасауы да тонау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің негізінде денсаулыққа залал келтіру қасақаналық қылмыстардың үш түріне бөлінеді: денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (106-бап); денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру (107-бап) және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (108-бап). Тонаудың сараланған түрі жәбірленушіге адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен ғана ұштастырылуы тиіс.
Ендеше, тонауға қатысты адамның денсаулығына зиян келтірудің жоғарыда өзіміз атап өткен үш түрі де тонаудың сараланған түрінің құрамына жатқызылмайды себебі, олардың қайсысының болмаса да орын алуы тонауды меншікке пайдакүнемдікпен қол сұғудың қоғамдық қауіптілігі жоғарырақ түріне, ал белгілі бір жағдайларда қарақшылық ретінде бағалауға алып келеді. Сондықтан тонаудың барысында жәбірленушіге оның денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейтіндей дегенмен оның қарсылығын тойтару мақсатында белгілі бір күш қолданушылықтың орын алатындығын айтуға тиіспіз.
Сонымен бірге күш қолданумен жүзеге асырылатын тонауды бір жағынан күш қолданушылықсыз жасалатын қарапайым тонаудан, екінші жағынан өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданушылық қажетті элементі болып табылатын қарақшылықтан ажырату қажет болады.
Мынадай:
1) жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп;
2) бірнеше рет;
3) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
4) тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не заңсыз кіріп жасалған тонау (ҚК 191 б. 2 б.).
Ірі мөлшерде жасалған тонау (191 б.3 б.).
191-баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер,
1) қылмыстық топ жасаса;
2) аса ірі мөлшерде жасалған тонау.
Тонаудың ауырлатылған құрамдарының жекелеген белгілері жоғарыда атап көрсетілген ұрлықтың ауырлатылған белгілеріне ұқсас келеді.
Аса ірі мөлшерде жасалған тонау дегеніміз ҚК 3-бабының 3-тармағында берілген түсіндіруге сәйкес айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын мүлік құны немесе залал мөлшері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет