Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қарақшылық



бет71/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қарақшылық
Қарақшылықты адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы жасауы ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлімінің «1» тармағында қарастырылған және де ол қарақшылықтың екі немесе одан да көп адамдармен, яғни қылмысты жасауға дейін қарақшылық жасауға күні бұрын келіскен адамдармен жасауды білдіреді. Берілген тұжырым ҚР Қылмысты кодексінің 27-бабынан туындайды оған сәйкес екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Барлық бірігіп қатысушылар берілген қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болулары, яғни ақыл-есі дұрыс және 14-жасқа толған адамдар болуы тиіс.
Қылмыс жасауға деген келісім қылмысты жасағанға дейін, оған дайындалу барысында немесе оқталудың нақ алдын жасалуы тиіс. Сөз байласу мен қарақшылықтың басталуына дейінгі уақыт аралығының ұзақтығы саралау үшін маңызға ие болмайды. Алдын ала сөз байласу қатысушылардың арасындағы өзара әрекеттестіктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді.
Егер қарақшылық алдын ала келісім бойынша жасалған болса, онда әрбір қатысушы бұл қылмыс үшін оның өзіне қандай үлес тиісті болғанына қарамастан толық көлемінде жауап береді.
Қарақшылықты оны адамдар тобының жасауына байланысты сараланған ретінде бағалау үшін оның екі немесе одан да көп адамдармен жасалғандығын анықтау қажет. Қарақшылықты бірігіп жасайтын адамдар тобы ең кем дегенде, екі адамнан тұратын, бір уақытта қылмыстық іс-әрекеттерді жасауға қатысатын бірлестік болып табылады. Адамдар тобының осындай ұғымы ең алдымен, қарапайым түріндегі бірігіп қатысуды емес, қарақшылық шабуылды адамдар тобының біріккен әрекеттері арқылы жасауды қарастыратын заңға негізделеді.
Саралаушы белгі ретіндегі адамдар тобы деп, бөтен мүлікті қарақшылық шабуыл жасау арқылы талан-таражға салу құрамының объективтік жағын құрайтын іс-әрекеттерді бірігіп жасайтын, екі немесе одан да көп тұлғалардың бірлестігін түсінеміз. Бірігіп орындаудың ерекшелігі, қылмысқа қатысушылардың барлығы бірігіп әрекет етеді, бір қылмыстық ниетпен және қылмыс жасалған орынның, уақыттың және іс-әрекеттердің біріккен түрде жүзеге асуы сипатты болады және олардың әрқайсысы тұтастай алғандағы қылмыс құрамының барлық белгілерін іске асырмай, оның әлдебір бөлігін жүзеге асыруы да әбден мүмкін. Алайда олардың әрекеттері өзінің жиынтығында, кешенді түрде алғанда бір қылмыстық жинақтың қажетті және үзіліссіз тізбектері түрінде орын алып «тұтас» қылмысты құрайды. Қылмыс жасау барысындағы келісімнің, жеке бастың ерекшеліктері және басқа да мән-жайларға тәуелді түрде топтың жекелеген мүшелерінің үлесіне іс-әрекеттің сипаты бойынша және олардың бірігіп жасалған тонаудағы үлестік салмағы бойынша қылмыстың тең болып табылмайтын бөлшегін орындау жүктелуі мүмкін, сондықтан, қатысушылардың біреуі басты роль атқарса, басқалары көмекші рөль атқаруы мүмкін, егер олардың әрқайсысы бөтеннің мүлкін тонаудың объективтік жағын орындауға нақты өз үлестерін қосатын болса, онда олардың барлығы да бірігіп орындаушылар болып табылады.
Қарақшылық шабуылды ұйымдастырған немесе оның жүзеге асырылуына басшылық жасаған, сондай-ақ, әлдекімді қарақшылық шабуыл жасауға азғырып көндірген немесе оның жасаулына көмектескен немесе қылмысты, қылмыскерді, қылмысты жасаудың қаруы мен құралдарын, қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға сонымен бірге осындай заттарды алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адамдар осы қылмысқа қатысқандықтары үшін жауапқа тартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет