Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (ҚР ҚК 121 б.)



бет43/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

3 Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (ҚР ҚК 121 б.)

Жыныстық қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі жоғары түрінің бірі ол ҚК 121-бабында көзделген сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері болып табылады. Күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жасалған сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер ҚК 121-бабымен сараланады.
Берілген қылмыстың қоғамдық қауіптілігі күш қолданып немесе оның қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық құмарлықтың қанағаттандырылуы болып табылады.
Еркек пен еркектің (педерастия) жыныстық қатынастарының кезіндегі еркектің жыныстық бостандығы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасының (лесбиянство) кезіндегі әйелдің жыныстық бостандығы қарастырылып отырған қылмыстың объектісі ретінде танылады.
Қылмыстың объективтік жағы күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып еркек пен еркектің немесе әйел мен әйелдің жыныстық қатынас не өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерді жасауынан көрініс табады.
Гомосексуалдық (грекше – homoinos (ұқсас) латынша – sexualis (жыныстық)) яғни бір жыныстылардың арасындағы жыныстық байланыстар еркек пен еркектің жыныстық қатынасының (ғылыми атауы - педерастия) барысында белсенді әрекет етушінің жыныстық мүшесінің енжар әрекет етушінің тік ішегіне енуімен сипатталады. Еркек пен еркектің арасындағы өзге гомосексуалдық байланыстар педерастия болып саналмайды.
Педерастия барысындағы күш қолдануды зорлау кезіндегі күш қолдану мағынасында түсінуге болады. Еркек пен еркектің жыныстық қатынасының кезіндегі психикалық күш қолдану нысанындағы қорқытуды жәбірленушінің өзіне қарсы тәндік күш қолданудың орын алатындығын білдіріп, оны үрейлендіруі деп түсіну қажет.
Лесбиянство (сапфизм, трибадия, корофиля) – әйелдің өзінің жыныстық құмарлықтарын әйел адаммен жыныстық қатынасты имитациялау арқылы қанағаттандыруы. Күш қолдану арқылы жүзеге асырылған лесбиянство барысында жәбірленуші тек әйел адам болады.
Сексуалдық сипаттағы өзге зорлық-зомбылық әрекеттеріне еркек пен әйелдің немесе еркектердің арасындағы барлық күштеу әрекеттерін жатқызамыз. Анайы түрде жүзеге асырылатын жыныстық құмарлықты қанағаттандырудың күштеу әдістері көп жағдайларда әйел мен еркектің арасында орын алады.
Сексуалдық сипаттағы әрекеттердің басталған сәтінен қылмыс аяқталған деп танылады.
14-жасқа толған кез келген жыныстағы тұлға берілген қылмыстың субъектісі болуы мүмкін, дегенмен еркек пен еркектің арасындағы жыныстық қатынастың субъектісі тек ер адам болса, әйел мен әйелдің арасындағы жыныстық қатынастың субъектісі тек әйел адам болатындығы түсінікті, өзге түрдегі сексуальдық сипаттағы әрекеттердің субъектісі, сондай-ақ жәбірленушіге күш қолдануға немесе қорқытуға көмектесуші болып кез келген жыныстағы тұлға таныла алады.
Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналық түріндегі кінә нысанын қарастырады. Кінәлі адам еркек пен еркектің немесе әйел мен әйелдің жыныстық қатынасын немесе сексуалдық сипаттағы өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерді күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасайтынын біледі және осы әрекеттерді жасауды тілейді.
Аталған баптың 2,3 және 4-бөліктерінде қарастырылып отырған қылмыстың ауырлатушы белгілері бекітілген және де олар өздерінің сипаты бойынша ҚР ҚК 120-бабының 2, 3, 4-бөліктерінде көрсетілген белгілерімен сәйкес келеді.
Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау барысында денсаулыққа жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру, ұрып-соғу, қорқыту орын алған жағдайларда аталған әрекеттер осы баптың диспозициямен қамтылады және басқа баптармен қосымша саралау талап етілмейді. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірілген жағдайда іс-әрекет ҚР ҚК 106 және 121-баптарының жиынтығы бойынша сараланады.
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет