Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ



бет53/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

  • 1 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жүйесі

Қылмыс объектісі туралы ілімнің қылмыстық құқықтық нормалардың кез келген жиынтығын Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің дербес тарауына немесе жеке бөліміне орналастырудың негізі болып табылатындығы белгілі.
Қылмыс объектісі туралы ілім олардың қатысушысының бірі өздеріне қоғамның және мемлекеттің ерекше қамқорлығын талап ететін, өскелең ұрпақтың өкілі-кәмелетке толмағандар болып табылатын, қоғамдық қатынастардың тобын белгілі бір негіздерге сәйкес ажыратуға мүмкіндік береді.
Бала құқықтары туралы 1959 ж. Декларацияның 2 қағидасында айтылғандай, бала тәндік, ақыл-ой, өнегелік, рухани және әлеуметтік тұрғыдан алғанда дамуы үшін қолайлы жағдайда болуы тиіс. Оған заң және өзге де құралдар арқылы арнайы қорғау қамтамасыз етілуі керек. Баланың өсіп-жетілуі бостандық және лайықты өмір салты жағдайында орын алуы тиіс.
Баланың жеке басының қалыптасу жағдайы негізінен алғанда, некенің беріктігі мен отбасының берекесіне тікелей байланысты. Сондықтан оның жеке басының қорғалуы мәселесі отбасылық қатынастардың қорғалуы, соның ішінде қылмыстық құқықтық құралдармен де қорғалуы мәселесімен органикалық байланыста болады.
Осыған орай, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің «Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» деп аталатын 2-тарауына аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты бекітетін нормалар топтастырылған. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту (132 б.); Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту (133 б.); Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту (134 б.); Кәмелетке толмағандар саудасы (135 б.); Баланы ауыстыру (136 б.); Бала асырап алу жөніндегі заңсыз әрекет (137 б.); Бала асырап алу құпиясын жария ету (138 б.); Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару (139 б.); Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (140 б.); Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау (141 б.); Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын теріс пайдалану (142 б.); Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкету (143 б.); Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тарту (144 б.).
Кәмелетке толмаған адамның жеке басының тәндік, зияттық және өнегелік тұрғыдан алғандағы қалыптасуы үшін материалдық, сондай-ақ материалдық емес жағдайларды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 2-тарауына топтастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың топтық объектісі ретінде қарастыру қажет.
Кәмелетке толмағандардың жеке басының қалыптасуы бойынша немесе еңбекке қабілетсіз ата-аналарының, еңбекке қабілетсіз жұбайының (зайыбының) қалыпты материалдық және материалдық емес тіршілік етуіне қатысты орын алатын нақты қоғамдық қатынастар берілген тараудағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың тікелей объектісі ретінде қарастырылады.
Берілген тараудағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым көпшілігінің объективтік жағы әрекеттермен сипатталады сонымен қатар, жекелеген құрамдар әрекетсіздік арқылы да жүзеге асырылады. Сонымен бірге, қарастырылып отырған құрамдардағы әрекет те, сондай-ақ әрекетсіздік те нақты қоғамдық қауіпті салдардың орын алуын қарастырмайды. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарды формальдық құрам ретінде бағалауға негіз бар.
Кейбір реттерде қылмысты жасау тәсілі міндетті белгі ретінде қарастырылады мысалы, күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту (ҚК 132 б. 3 б.). Кәмелетке толмаған адамды есеңгірететін заттарды пайдалануға не уытқұмарлыққа не спирттік ішімдіктерді пайдалануға бірнеше рет тарту кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту (ҚК 133 б.) құрамын құрайды.
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың субъективтік жағы кінәнің қасақаналық нысанымен сипатталады. Құқыққа қарсы әрекеттердің немесе әрекетсіздіктердің (кәмелетке толмағандарды қылмыс жасауға тарту, баланы ауыстыру және т.б.) сипаты кінәлінің санасымен қамтылады, қасақаналықтың еріктілік элементі әрекетті (әрекетсіздікті) жасауды тілеумен немесе оған саналы түрде жол берумен сипатталады. Көп реттерде әрекеттер мақсатты бағытқа ие, яғни қылмыстар тікелей қасақаналықпен жасалады.
Кейбір қылмыстар үшін жауаптылықты бекітетін нормалар құрылысы қылмыс құрамы болуы үшін қылмыстық ниеттерді, мақсаттарды анықтау міндетті болатындай етіп құрастырылған. Мысалы, баланы ауыстыру және бала асырап алу құпиясын жария ету (ҚК 136, 138 бб.) қасақана пайдакүнемдік немесе өзге де ұждансыз пиғылмен жасалған реттерде қылмыстық жауаптылықты пайда қылады.
Жалпы ереже бойынша, 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс тұлға берілген қылмыстардың субъектісі болып табылады. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту (ҚК 132 б.) құрамы бойынша қылмыс субъектісі 18 жасқа толған адам болуы тиіс. Бала асырап алу құпиясын жария ету (ҚК 138 б.) құрамы бойынша қылмыс субъектісі бала асырап алу фактісін қызметтік немесе кәсіптік құпия ретінде сақтауға міндетті не өзге адам болып табылады, яғни аталған қылмыс құрамдары арнайы субъектіні қарастырады.
Жекелеген қылмыс құрамдарында (ҚК 132 б. 2 б., 133 б. 2 б., 134 б. 4 б. 2 т.) арнайы субъект қылмыстың ауырлататын құрамының белгісі ретінде орын алады. ҚК 139 б. көзделген қылмыс үшін тек ата-аналары не кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалары жауапты болады.
ҚР ҚК Ерекше бөлімінің 2-ші тарауына топтастырылған қылмыстарды олардың тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес екі топқа бөлуге болады: кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар және отбасына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Олардың біріншісінің қатарына кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға (ҚР ҚК 132 б.), сондай-ақ қоғамға жат әрекеттер жасауға (ҚР ҚК 133 б.), жезөкшелікпен айналысуға тарту (ҚР ҚК 134 б.), кәмелетке толмағандардың саудасы (ҚР ҚК 135 б.), кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (ҚР ҚК 140 б.), балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау (ҚР ҚК 141 б.) тәрізді қылмыстарды жатқызуға болады.
Бала асырап алу құпиясын жария ету (ҚР ҚК 138 б.), балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару (ҚР ҚК 139 б.), қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын теріс пайдалану (ҚР ҚК 142 б.), баланы ауыстыру (ҚР ҚК 153 б.), бала асырап алу жөніндегі заңсыз әрекет (ҚР ҚК 154 б.) тақілеттес қылмыстар отбасына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жүйесін құрайды.
Сонымен бірге, ҚР ҚК кәмелетке толмағандардың тәндік және өнегелік тұрғыдан алғандағы қалыпты дамуына қарсы бағытталған бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтардың бар екендігін айта кету қажет (мысалы, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер – 122 б., жас балаларды азғындық жолға түсіру-124 б., еңбек заңнамасын бұзу – 153 б., адамды кепілге алу 261 б. 2 б. 5 т., есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндіру 299 б. 2 б. 1 т.).
Дегенмен, олардың топтық және түрлік объектілері өзге болғандықтан, олар ҚР ҚК «Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тарауына біріктірілмеген.
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет